1919 жылы құрылған «Егемен Қазақстан» газеті 100 жылдықтың аясында биыл әр бағытта көптеген жобаларды қолға алды. Соның ішінде журналистердің басын спорттық тұрғыда бір арнаға тоғыстыратын БАҚ лига жобасы да бар. Аталмыш серіктестіктің аясында шағын футболдан Журналистер біріншілігінің жазғы маусымын бірге өткізу және журналистер арасында спорттық қайырымдылық шараларын өткізу мәселелері қарастырылған.
– БАҚ лиганың аяқ алысына ризамыз және әрдайым бұл жобаға қолдау көрсетуге әзірміз. Нақты айтқанда, шағын футболдан Журналистер біріншілігінің келесі жазғы маусымы «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығы аясында өтеді. Сондай-ақ, БАҚ лигамен бірлесе отырып, жақында журналистер арасында спорттық қайырымдылық шараларын өткізбекпіз. Алдағы уақытта осы мәселелерді толық талқыдан өткізіп, жоспарларымызды айқындаймыз, – деді Дархан Қуандықұлы.
Естеріңізге сала кетейік, БАҚ лиганың келесі маусымы маусым айында басталып, тамыз айының ортасына дейін созылады деп жоспарлануда.
Бәрекелді!!!