”В” лигасы. 14-турдың таңдаулы құрамы түзілді

0
423
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Әнуар ҚҰРМАНБАЕВ (National Geographic Qazaqstan)

«Қазмедиа В» командасына қарсы кездесуде Әнуар Құрманбаев командасын талай қауіптен құтқарып қалды. Соның арқасында «National Geographic Qazaqstan» жігіттері алаңсыз алға атойлап отырды. Тек есеп 4:0-ге жеткенде ғана аздап босаңсып, қарсыластарына екі гол соғуға мүмкіндік берді.

Қорғаушылар – Асқар ТУРЛИН (Мазмұндама) мен Елдос ӨМІРХАН (Qazaq radiolary)

Шыны керек, «Qazaq radiolary» командасына қарсы ойында ешкім «Мазмұндамадан» жеңіс күткен жоқ. Алайда, Асқар Турлиннің бірінші таймда соққан екі голы «радиолықтарды» есеңгіретіп тастады. Сондай-ақ, ұлттық арна продюсері қорғаныста да өте сауатты ойнап, қарсыластарына аса көп мүмкіндік берген жоқ. Мұның соңы сенсацияға ұласқанын өздеріңіз де білесіздер.

Рас, «Qazaq radiolary соңғы турда күтпеген жерден ұтылып қалды. Алайда, Елдос Өмірханның ойынын, дриблингі мен финттарын әлі ұзақ уақыт еске алып жүреді. Ал екінші таймда қақпашыны алмастырып, бесінші ойыншының қызметін атқарған Елдос Өмірхан өзі де екі гол соқты.

Шабуылшылар – Дәурен ЖОЛДАСОВ (Ел арна) пен Ратмир ӘУБӘКІР (Қаламгер)

Қола жүлдеге күні бұрын қол жеткізіп қойған «Ел арна» соңғы турда «Қаламгермен» кездесіп, 4:5 есебімен жеңіліп қалды. Алайда, шабуылшы Дәурен Жолдасов өзінің кезекті екі голын соқты. Осылайша «В» лигасының үздік сұрмергені атанып, «үздік шабуылшы» атағын қоса еншіледі.

«Қаламгердің» осы маусымда соққан голдарының жартысына жуығы Ратмир Әубәкірдің еншісінде. 19 рет қарсылас қақпасынан саңылау тауыпты. Соңғы турда да «Ел арнаның» қақпасын үш рет тесіп, «Қаламгердің» жеңісіне сүбелі үлесін қосты.

Резерв:

Қақпашы – Кирилл ПЯРТЕЛЬ (Мазмұндама),

Қорғаушылар – Ермек ТӨРЕНИЯЗОВ (National Geographic Qazaqstan), Еркін ШӘКІР (Мазмұндама).

Шабуылшылар – Талғат ҚАЙЫРГЕЛДИН (National Geographic Qazaqstan), Тұрлыжан ӘЙТЕНОВ (Қаламгер).

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here