Қақпашы – Аян ОМАРҚҰЛОВ (Хабар 24)
Соңғы турда «Спорт 59» командасына қарсы алаңға «Хабар 24»-ке бірінші кезекте өз қақпасына қарайлай жүріп, қарымта шабуылдарға иек арту керек болды. Сондықтан, кипер Аян Омарқұловқа артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр еді. Ол бұл міндетті абыроймен атқарып шықты. Қақпасына кірген үш голға оның аса қатты кінәсі жоқ.
Қорғаушылар – Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар) мен Ер-Ұлан НҰРЛАНОВ (Қазмедиа А)
Чемпиондық матчта Нұрсұлтан Құрманның атқарған қызметі аз емес. Қорғаныста ойнады, командасы ұтылып жатқанда қақпашысын алмастырып, бесінші ойыншының қызметін атқарды. Екі рет қақпасын жүз пайыздық қауіптен құтқарды. Сөйтіп жүріп, өзі де өте маңызды гол соқты. Ал ойыннан кейін сылқ құлады. Бұл қажырды матчқа жібергендігінің белгісі еді.
«Хабарға» қарсы «қазмедиалықтар» да аянып қалмады. Әсіресе Ер-Ұлан Нұрланов. Есепті теңестірді, тағы бір гол соқты. Шабуыл шебінде басқа да мүмкіндіктері болды. Бірақ, басты міндетін де ұмытпай, чемпиондардың толассыз шабуылдарына лайықты тосқауыл қойып отырды. Өкінішіне қарай, оның еңбегі ақталмады.
Шабуылшылар – Еркебұлан АЛДАБЕРГЕН (Егемен Қазақстан) мен Бексаттар САТТАР (Elorda aqparat)
Егер толық маусымды осылай өткізгенде Еркебұлан Алдаберген «Үздік шабуылшылар» номинациясында үшінші емес, бірінші орынды иемденуі әбден мүмкін еді. «Elorda aqparat»-қа қарсы кездесуде покер жасаған Еркебұлан «Егемен Қазақстанды» «А» лигасында қалдырды.
«Егемен Қазақстан» қақпасына Бексаттар Саттар сегіз гол соқты. Сегіз гол. Сөйтіп, маусымның үздік сұрмергені атанды. Орта есеппен санасақ, әр бес минут сайын бір голдан еншісіне жазған екен.
Резерв:
Қақпашы – Алпыс МЕЙРАМБАЕВ (Спорт 59),
Қорғаушылар – Ербол КЕНЖЕБАЕВ (Спорт 59), Бимухамед БУКЕЕВ (Хабар).
Шабуылшылар – Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (Хабар), Абдулла ТӨКЕНОВ (Қазмедиа А).
«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
BAQ league бесінші маусымының серіктестері:
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.