Маусымның үздік ойыншылары марапатталды немесе Нұрсұлтан Қабылбек қалай азаматтық танытты

0
1179
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Команда капитандары мен вице-капитандары/жетекшілерінің арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша Журналистер біріншілігінде «А» лигасы мен «В» лигасының үздіктері марапатталды.

«В» лигасы

Жекелей номинациялардың екеуін «Ел арна» шабуылшысы Дәурен Жолдасов жеңіп алды. 10-шы нөмірде ойқастаған шабуылшы 14 ойында 28 гол соғып, алдымен «Үздік сұрмерген» номинациясын еншіледі. Одан кейін «Үздік шабуылшы» номинациясында 35 ұпай жинап, тағы да үздік шықты. «Үздік қақпашы» атағы «Астана ТВ» кипері Дмитрий Покидаевқа бұйырды. «Үздік қорғаушы» – Адлет Құсайынов (Астана ТВ) және «Үздік ойыншы» – Бақытжан МАСАҚОВ (Qazaq radiolary).

«А» лигасы

Бес номинацияның төртеуі «Elorda aqparat» командасына бұйырды. Оның үшеуін қола жүлдегерлердің шабуылшысы Бексаттар Саттар жеңіп алды. Соңғы турда сегіз гол соғып, барлығы 28 голмен сұрмергендер тізіміндегі басты бәсекелесі «хабарлық» Нұрсұлтан Қабылбектен үш допқа озып кеткен Бексаттар «Үздік сұрмерген», «Үздік шабуылшы» және «Үздік ойыншы» номинацияларын қанжығасына байлады. Бұдан бөлек, «Elorda aqparat» қақпашысы Азамат Нұрматов маусымның үздік кипері атанды. Ал «Үздік қорғаушы» номинациясын БАҚ лига тарихында төртінші маусым қатарынан «Қазмедиа А» ойыншысы Ершат Қожатаев жеңіп алды.

Бір қызығы, соңғы турдағы голдар санын есепке алуды естен шығарған Ұйымдастыру комитеті «Үздік сұрмерген» номинациясын Нұрсұлтан Қабылбекке табыстап жіберген. Әлбетте, «Хабар» шабуылшысы да бұған әбден лайық еді. Бірақ, өзін осы маусымда басып озған Бексаттар Саттардың үздік екендігін мойындаған Нұрсұлтан марапаттау рәсімінен кейін «Elorda aqparat» шабуылшысына барып, марапатты қайтарып берді де, журналистер қауымының алаңда ғана бәсекелес, ал ойыннан кейін сыйлас әріптес екендіктерін сөзбен емес, іспен дәлелдеп берді.

Айтпақшы, «А» лигасының үздіктеріне БАҚ лиганың серіктесі «Life football» спорттық дүкендер желісі 20 мың теңгелік сертификаттарды табыстады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here