БАҚ лиганың бесінші маусымы мәресіне жетті

0
50

Журналистер арасындағы BAQ league – футболдан Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы тұңғыш толыққанды біріншілік. Бүгінге дейін бес маусымы өтіп, астанадан бөлек, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Талдықорған, Тараз, Қызылжар, Павлодар және Шымкент қалаларының 30-ға жуық БАҚ редакцияларынан 300-ден астам журналистер қатысты.

Бесінші маусым Назарбаев Университеттің Спорт кешенінде өтті. Төртінші маусымның қорытындысы бойынша биылғы біріншілікте «Хабар», «Егемен Қазақстан», «Қазмедиа А», «Спорт 59», «Elorda aqparat», «Хабар 24» және «Qazaqstan TV» командалары «А» лигасын құраса, «В» лигасында «Қаламгер», «Мазмұндама», «Астана ТВ», «Ел арна», «Qazaq radiolary», «National Geographic Qazaqstan», «ДИАП Qazaqstan» және «Қазмедиа В» командалары қатысты.

Нәтижесінде 14 турда бір-ақ ойында жеңілген «Хабар» БАҚ лиганың бес дүркін чемпионы атанса, «Қазмедиа А» күміспен күптеліп, «Elorda aqparat» қолаға қол жеткізді. Ал «В» лигасында «Астана ТВ» бірінші орынды, «Qazaq radiolary» екінші орынды, «Ел арна» үшінші орынды иеленіп, «А» лигасының жолдамаларын жеңіп алды. «А» лигасының да, «В» лигасының да жеңімпаздарына «Astana EduKey» ағылшын тілі орталығының сертификаттары табысталды.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілдә Байшақов, «Егемен Қазақстан» газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, «Хабар» агенттігінің бас продюсері Айдос Тұрысбек, қазақ футболының ардагерлері Айтпай Жамантаев пен Бағдат Түсеев, «Elorda aqparat» компаниясы басшысының орынбасары Ануар Амангелдиев, «Астана ақшамы» бас редакторының орынбасары Ғалым Қожабек, «Qazaq radiolary» ЖШС-нің бас директоры Құрманбек Жұмағали, Нұр-Сұлтан қаласы футбол федерациясының вице-президенті Ахмад Амиров және маусымның басты қолдаушысы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Михаил Комиссаров пен Министрдің кеңесшісі Мирас Мұқаш қатысты.

Енді шағын футболдан БАҚ лиганың келесі маусымы маусым айында басталады деп жоспарлануда. Марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген Дархан Қуандықұлы БАҚ лиганың алтыншы маусымы «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығы аясында өтетіндігін мәлімдеді.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Google search engine

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here