БАҚ лиганың инстаграм парақшасында жүргізілген сауалнамаға барлығы 576 адам қатысқан. Соның 58 пайызы «Қазмедиа А» командасының жеңісіне бәс тіккен. Яғни 334 жанкүйер «қазмедиалықтарға» дауыс беріпті. Қалған 42 пайызы (242) адам «Хабардың» чемпион болатынына сенімді.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазмедиа А» және «Хабар» арасындағы кездесу 21 сәуір күні сағат 14:30-да басталады. Өтетін жері: Назарбаев университеттің Спорт кешені. Осы матч арқылы БАҚ лига бесінші маусымының чемпионы анықталмақ. «Қазмедиа А» командасына чемпион болу үшін тең есеп те жеткілікті. Ал «Хабарға» бес дүркін атану үшін қалайда жеңіс қажет. Басқа нәтиже оларды қанағаттандырмайды.
Естеріңізге сала кетейік, «Хабар» мен «Қазмедиа А» биыл өзара бір рет кездескен. Бірінші тур аясындағы матч 5:2 есебімен телеарна командасының жеңісімен аяқталған болатын.
«А» лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.