”В” лигасы. 12-турдың таңдаулы құрамы түзілді

0
337
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Николай ПУТИЛИН (ДИАП Qazaqstan)

Ол қақпашы емес. Бұған дейін бұл шепте ойнағанын да көрмеппіз. Шамасы, бірінші тәжірибесі ғой деймін. Бірақ, «National Gegographic Qazaqstan» командасына қарсы ойында Путилин әріптестерінің сенім үдесінен толықтай шыға білді. Қақпасына бір гол да кіргізген жоқ. Тіпті, кейбір соққыларды көзбен-ақ қайтарғандай әсерде қалдырғаны да жасырын емес. Әйтпесе, қақпа сызығына жетіп тұрып, тылсым күштің әсерімен кері бұрылған доптарды қалай түсінуге болады?..

Қорғаушылар – Александр ОЛЕЙНИК (Астана ТВ) пен Арай ІЗБАЙ (National Gegographic Qazaqstan)

Маусым соңында Олейниктің екінші тынысы ашылғандай. Оның жойқын соққыларына көрермендер әр матч сайын қошемет көрсетіп, тамсануда. «Мазмұндамаға» қарсы матчта Александр қарсыластарының адымын аштырмай, өзі де алаң ортасынан әдемі гол соқты.

Командасының жолы болмай жүргеніне қарамастан Арай Ізбайдың ойынына еш кінә арта алмайсың. Әлбетте, бір өзі бүкіл ойыншылар үшін жауап беріп, солардың жұмысын жасай алмайды ғой. Бірақ, қорғаныста Арайға текетіресе алар ойыншылар өте аз. «ДИАП Qazaqstan» шабуылшылары да NGQ капитанынан айласын асыра асыра алған жоқ.

Шабуылшылар – Дәурен ЖОЛДАСОВ (Ел арна) пен Олжас ЖАҚЫПБЕК (Qazaq radiolary)

Осы шабуылшының энергиясы таңғалдырады. Матчты жалғыз өзі алып шығатын ойыншы. Рас, “Qazaq radiolary” командасына қарсы ойында оған сәл уақыт жетпеді. Әйтпесе, покер, пента-трик жасауы да мүмкін еді. Ал осы хет-тригінің арқасында сұрмергендер тізімінде Бақытжан Масақовты қуып жетті.

Рас, жеңіс голын соққан жоқ, бірақ оның дублі «Ел арнаға» қарсы кездесуде өте маңызды болды. Сондай-ақ, әріптестеріне де әдемі пастар шығарып берген Олжас Жақыпбек «Qazaq radiolary»-ның жеңіске жетуіне ерен еңбек сіңірді.

Резерв:

Қақпашы – Дмитрий ПОКИДАЕВ (Астана ТВ),

Қорғаушылар – Еркін БЕКТЕНОВ (Астана ТВ), Әлібек ЕСКЕНДІРОВ (ДИАП Qazaqstan).

Шабуылшылар – Ержан ӘМІРХАНОВ (Қаламгер), Айдос АТАГЕЛДИЕВ (Қазмедиа В)

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here