BAQ league. «Хабар» чемпиондық тәжінен айрыла ма?

0
451
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Ойын 4:3 есебімен аяқталды. Соңғы минуттарда қанат қағып, қарқынын арттырған «Хабар 24»-тің  күшейіп кеткені соншалық, кездесудің аяқталуына екі минут қалғанда таблодағы көрсеткішті қысқартуға шамалары жетті. Ал ойыннан кейін көпшілік «тағы бір-екі минут болғанда «Хабар 24» есепті теңестіріп кетер еді» деп, өзара әңгімелесіп кетіп бара жатты. Иә, «Хабар» үшін бұл матч өте ауыр болды. Кім біледі, бәлкім, ұзақ сапар қажытқан шығар. Капитаны Нұрсұлтан Құрманның айтуынша, команда Шымкенттегі турнирден таңертең ғана келіпті. Сондықтан болар, алаңда тым шаршаңқы жүрді. Егер Нұрсұлтан Қабылбектің «запастағы» күші болмағанда жеңіліп қалуы да мүмкін еді. Енді «Хабарды» соңғы екі турда «Elorda aqparat» пен «Қазмедиа А» күтеді. Айтпақшы, бірінші айналымда «Хабар» «елордалықтардан» ұтылып қалған еді. Сондықтан, аталмыш қарсыласының алдында комплекстері болуы да ғажап емес. Ал егер сол ойында ұтылып қалар болса, онда чемпиондық атақтың ауылы алыстай түсері анық. Өз кезегінде «Elorda aqparat»-қа да жеңіс ауадай қажет. «Қола» қоржында, бірақ Ғалым Қожабековтің шәкірттері «күмістен» де дәмелі. Ол үшін «Хабарды» қалай да жеңу керек.

«Хабардың» басты бәсекелесі «Қазмедиа А» командасында алда бір-ақ ойын қалды. Келесі турда демалатын ҚМО-ның бас командасы соңғы турдағы айқасқа дайындалады. Бірақ, Қанат Такировсыз «Qazaqstan TV»-ға қарсы кездесуде үшінші сары қағазын «иеленген» шабуылшы үшін маусым аяқталды. Дегенмен, «Қазмедиада» онсыз да мықты ойыншылар жетерлік. Оның үстіне, Құмарбек Азат та бабына ене бастаған сияқты. Ұлттық арна қақпасына покер жасап, жеңіске сүбелі үлесін қосты. «Хабарға» қарсы да барын сала ойнайтыны анық. Бұдан бөлек, тек екінші таймда ғана ойынға келіп, соның өзінде дубльдан жасап үлгеретін Абдулла Төкенов те жыртқыш шабуылшылардың бірі. Сондықтан, соңғы турда бізді керемет ойын күтіп тұр. Алайда, оған дейін әлі тағы бір тур бар. Асықпай, әліптің артын бағайық. Айтпақшы, ұмытып барады екенбіз, «Қазмедиа А» мен «Qazaqstan TV» арасындағы ойын ұлттық арнаның табандылық танытқанына қарамастан 7:4 есебімен ҚМО пайдасына шешілді.

Ал аутсайдер арасындағы арпалыс 3:3 есебімен тең аяқталды. «Егемен Қазақстан» мен «Спорт 59» арасындағы ойынды айтып тұрмыз. Кейінгі кездері екінші демдері ашылған «егемендіктер» жап-жақсы ойнап жүр. Өткен турда «Qazaqstan TV»-дан 2:3 есбімен жеңіліп қалған еді. Кеше «Спорт 59» жігіттерін біраз жүгіртті. Ұтып та кететін мүмкіндіктері болған. Алайда, соңына таман босаңсып қалып, таразы басын теңестіруге мүмкіндік беріп қойды. Осылайша «итжығыс» түскен ойында екі команда да өздеріне қажетті есепке қол жеткізе алмады.

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here