БАҚ лига Ұйымдастыру комитетінің мәжілісі өтіп, Журналистер біріншілігі Бесінші маусымының Регламентіне өзгеріс енгізілді. Атап айтсақ, бұған дейін Регламенттің 13.8 бабына сәйкес, маусым қорытындысы бойынша «А» лигасының ең нашар көрсеткішіне екі команда «В» лигасына түсіп, «В» лигасында алғашқы екі орынды иемденген командалар «А» лигасына көтерілуі тиіс болатын. Енді өзгертулерге сәйкес, «А» лигасының ең нашар көрсеткішіне ие екі команда «В» лигасына түседі де, «В» лигасында жоғары орындарға ие болған үш команда «А» лигасына жолдама алады.
Сондай-ақ, келесі маусымда «А» лигасындағы қандай да бір команда Журналистер біріншілігіне қатысудан бас тартқан жағдайда «А» лигасында ойнау құқығына бірінші кезекте «төменгі дивизионға» түсіп қалған командалардың жоғарғысы ие болады.
BAQ league бесінші маусымының серіктестері:
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.