БАҚ лига Тәртіптік-бақылау комитетінің шешімі шықты

0
357
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

 № 1

«ДИАП Qazaqstan» – «Қаламгер» матчы кезінде алаңдағы ойыншыларының гетрылары әркелкі болғаны үшін «ДИАП Qazaqstan» командасына 3 АЕК көлемінде (7 575 тг) айыппұл салу туралы шешім шығарылды.

Шешім 2019 жылдың 05 сәуірінде күшіне енді. Айыппұл 2019 жылдың 15 сәуіріне дейін (сол күнді қоса есептегенде) төленуі тиіс.

Егер шешім уақытылы орындалмаған жағдайда команданың турнир кестесіндегі 3 (үш) ұпайы шегеріледі.

 № 2

«Qazaqstan TV» – «Егемен Қазақстан» ойыны кезінде төреші ысқырығынан кейінгі өрескел әрекеті үшін «Егемен Қазақстан» командасының ойыншысы (№8) Алмас Манап Нұр-Сұлтан футбол федерациясының аясындағы барлық ресми турнирлерден 4 ойынға шеттетіліп, 5 АЕК (12 625 тг) көлемінде айыппұл салынды. Дисквалификацияның 1 (бір) ойыны шартты түрде, 3 (үш) ойыны сынақтық түрде өтеледі. Сондай-ақ, бұрынғы сары қағаздары сақталады.

Шешім 2019 жылдың 05 сәуірінде күшіне енді. Айыппұл 2019 жылдың 15 сәуіріне дейін (сол күнді қоса есептегенде) төленуі тиіс.

Егер шешім уақытылы орындалмаған жағдайда команданың турнир кестесіндегі 3 (үш) ұпайы шегеріледі.

 BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here