В лигасы. 11-турдың таңдаулы құрамы түзілді

0
311
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Мұхтар ТҰРТАЕВ (Qazaq radiolary)

Бұл турда қақпасын «құрғақ» ұстаған кипер де бар. Бірақ, таңдаулы команданың негізгі құрамына Мұхтар Тұртаевты қоюды жөн көрдік. Қанша дегенмен, «National Geographic Qazaqstan» командасына қарсы кездесуде оның жұмысы әлдеқайда көп болды. Бір қателік жіберсең болды, ойын тағдыры 180 градусқа өзгеріп кетейін деп тұрған. Алайда, «Qazaq radiolary» қақпашысы өз міндетін өте тамаша атқарып, командасының жеңісіне сүбелі үлесін қосты.

Қорғаушылар – Александр ОЛЕЙНИК (Астана ТВ) пен Бақыт ТЕМІРҒАЛИЕВ (Ел арна)

11 ойында 11-ақ гол жіберген «Астана ТВ» командасының қақпашысы ғана емес, қорғаныс шебі де өте мықты. Әділет Құсайынов пен Александр Олейник жұбы бірде-бір шабуылшыны иелігіне оңайлықпен жібере қоймайды. «Қазмедиа В» командасына қарсы ойында көшбасшылық міндетті өз қолына Олейник алды. Ал оның бірінші голы қарсыластарының сағын сындырып тастады.

Ағайынды Темірғалиевтердің бір-біріне ұқсайтындықтары соншалық, оларды алаңда ажырату өте қиын. Бірақ, Бақытты танымау мүмкін емес. Оның көз ілеспес шапшаңдығы соншалық, артынан қуған ойыншы бір-екі қадамнан кейін-ақ тілі салақтап, кері қайтып жатады. Сенбесеңіз, «Мазмұндама» ойыншыларынан сұраңыз.

Шабуылшылар – Дәурен ЖОЛДАСОВ (Ел арна) пен Маханбет ӘНУАРБЕКҰЛЫ (ДИАП Qazaqstan)

Өзге әріптестері ренжімес, алайда, кейде «Ел арнаны» Дәурен Жолдасов жалғыз өзі сүйреп жүргендей көрінеді. «Мазмұндамаға» қарсы ойында да 0:2 есебімен ұтылып жатқан «Ел арнаны» Дәуреннің хет-тригі құтқарды.

Маусым басында гол соғу қабілетін жоғалтып алған Маханбет Әнуарбекұлы қазір қайта бабына енді. «Қаламгерге» қарсы ойында оның хет-тригі «ДИАП Qazaqstan» үшін үлкен олжа болды. Әйтпесе, қарсыластары да нашар ойнаған жоқ еді. Кемі тең есепке лайық болатын. Бірақ, олар «ДИАП Qazaqstan» сапында Роналдудан кем емес шабуылшының бар екенін ұмытып кеткен тәрізді.

Резерв:

Қақпашы – Дмитрий ПОКИДАЕВ (Астана ТВ),

Қорғаушылар – Әділет ҚҰСАЙЫНОВ (Астана ТВ), Назар НАЙЗАБЕКОВ (Qazaq radiolary)  

Шабуылшылар – Бақытжан МАСАҚОВ (Qazaq radiolary), Данияр ТЕМІРҒАЛИЕВ (Ел арна).

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here