А лигасы. 11-турдың таңдаулы құрамы жасалды

0
478
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Саят САБЫРБАЕВ (Qazaqstan TV)

Бұл турдың қорытындысы бойынша таңдаулы құрамға бір емес, бірнеше киперді енгізуге болар еді. «Спорт 59»-ға қарсы қақпасын тамаша күзеткен «хабарлық» Айбек Қабылша да, командасы ұтылып қалса да, өзі өте керемет ойнаған «егемендік» Берік Шәпетов те барша құрметке лайық. Дегенмен, турдың орталық кездесуін таңдауды жөн көрдік. «Қазмедиаға» қайта оралған Саят Сабырбаев өзінің сенімді сейвтерімен әріптестеріне қосымша рух беріп, шабуылдағы командаластарын қанаттандырып отырды. Айтпақшы, осы турға дейін барлық ойында гол соғып келген Бексаттар Саттар дәл осы матчқа келгенде қақпа құлпын бұза алмай кетті.

Қорғаушылар – Ершат ҚОЖАТАЕВ (Қазмедиа А) пен Сапарғали ҚАНАТ (Хабар)

«Бізге «Қазмедиа А» сапынан ең қатты қиындық тудырған Ершат Қожатаев», – деп матчтан кейін «Elorda aqparat» ойыншыларының өзі мойындап жатты. Рас, өзге әріптестері шабуылға атойлап кеткенде қорғанысқа жалғыз өзі жауап берген Ершат «Elorda aqparat» сұрмергендеріне еш мүмкіндік берген жоқ. Қақпашысына да сенімді серіктес бола білді.

Биыл амплуасын өзгертіп, қорғанысқа ойысқан Сапарғали Қанат алаңның қай қапталына қойсаң да, сенім үдесінен шыға білетінін әр ойын сайын дәлелдеп келеді. «Спорт 59» командасына қарсы ойында да Сапар қақпашысының оң қолына айналып, артқы шепті тап-тұйнақтай тазалап отырды. Ал оның кадрға кірмей қалған голы әлі ұзақ уақыт көпшіліктің жадында сақталатын шығар.

Шабуылшылар – Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар) пен Данияр БЕКЖАНОВ (Qazaqstan TV)

Сұрмергендер тізімінде бірінші орынға шыққан «хабарлық» Нұрсұлтан Қабылбек бұл жолы да әдеттегідей дубль жасады. Бұдан бөлек, әріптестеріне де ассистенттік қызметтер атқарып, командасының ірі жеңісін рәсімдеді.

Әдетте қорғаныста ойнайтын Данияр Бекжановты шабуылдан көреміз де әсте ойлаған жоқпыз. «Егемен Қазақстан» да мұндайды күтпесе керек, «жайдарманшының» екі шабуылын өткізіп алды. Бұдан өзге де гол соғатын мүмкіндіктері болған. Алайда, бұл жолы Данияр екі голмен шектелуді жөн көрді.

Резерв:

Қақпашы – Айбек ҚАБЫЛША (Хабар),

Қорғаушылар – Асқар МҰХТАРОВ (Qazaqstan TV), Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар).

Шабуылшылар – Азамат ЖАНДАРБЕКОВ (Егемен Қазақстан), Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа А).

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here