«В» лигасы. «Астана ТВ» маусымды 100 пайыздық көрсеткішпен аяқтай ма?

0
414
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Кеше Әділет Құсайынов бастаған жігіттер «Қазмедиа В» командасын қалпақпен қайырып алды. Шыны керек, биыл «Астана ТВ» ойыншыларымен тістесе алған әзірге екі-ақ команда бар. Соның бірі «Мазмұндама» болса, екіншісі «Қазмедиа В» болатын. Екеуін де бірінші айналымда бір ғана гол айырмашылығымен жеңген. Сондықтан, бұл матчта да Марғұлан Ибраевтың шәкірттері азуларын батыра алады деп күткенбіз. Алайда, екі таймда да қос-қос голдан соққан «Астана ТВ» еш қиындықсыз кезекті үш ұпайларын қоржындарына салды. Енді келесі турда көшбасшылар «Мазмұндамамен» кездеседі. Аяушылық білдіре ме, әлде оларға да футбол әліппесін үйрете ме?

 

Ал турдың шымылдығын «ДИАП Qazaqstan» мен «Қаламгер» ашты. Бірінші айналымда ұлттық арнаның ақпараттық-сараптамалық дирекциясы «Қаламгердің» 12 голына бір ғана тура соққымен жауап бере алған. Дегенмен, содан бері біраз уақыт өтті. Тур өткен сайын «ДИАП Qazaqstan»-ның да ойын өрнегі өзгеріп келеді. Бұрынғыдай әркімнен таяқ жеп жүре беретін әлжуаз емес. Командасының әр мүшесі өз қызметін өте жақсы біледі. Қарымта қайтаруды олар да бұрыннан көздеп жүр. Сондықтан, матчты өте қарқынды бастап, матчтың алғашқы ширегінде-ақ қарсылас қақпасына үш гол соғып тастады. Дегенмен, үзіліске дейін есепті қысқартуға шамасы жеткен «Қаламгер» екінші таймда есепті теңестіре алған. Алайда, бір сәтке босаңсып қалғаны сол еді, бірден екі гол соққан «ДИАП Qazaqstan» жеңісті жұлып алды. Осылайша негізінен ұлттық арна журналистерінен құралған команда «В» лигасында 4-орынға көтерілді. Ендігі мақсаттары – қола жүлде. Бірақ, дисквалификацияларына байланысты келесі турда басты сұрмергені Маханбет Әнуарбекұлы мен негізгі қорғаушысы Дулат Нуркиннің алаңға шыға алмайтынын ескерсек, қолаға қол созу қиынға соғатыны айтпасақ та түсінікті.

«Ел арна» қатарынан екінші рет «Мазмұндамадан» тамаша камбэк жасады. Бірінші айналымда 0:3 есебімен ұтылып жатқан жерінен еңселерін тіктеп, 7:3 нәтижесімен жеңісті жұлып алған. Ал бұл жолы 0:2 есебімен ұтылып жатып, екінші таймда 4 голмен жауап қайтарды. Егер матч бір ғана таймнан тұрар болса, «Мазмұндама» кемі қола жүлдегер болар ма еді, кім білсін. Үнемі бірінші таймды жақсы өткізеді де, үзілістен кейін қолдарында тұрған ұпайлардан айрылып қалып жатады. Өз кезегінде «Ел арна» турнир кестесінде 3-орынды енді ешкімге бермейтін шығар.

Ал қатарынан алтыншы ойында жеңілістің кермек дәмін татқан «National Geographic Qazaqstan» командасы жүлденің ауылынан бір жола алыстап кетті. Арай Ізбай бастаған «табиғат жыршыларында» үздік үштікке ілігер теориялық мүмкіндіктері де қалмады. Бұл жолы «National Geographic Qazaqstan» 1:5 есебімен «Qazaq radiolary»-нан ойсырай жеңілді. Бірінші таймда аз да болса қарсылық көрсете алғанымен үзілістен кейін «радиолықтардың» қарқынына төтеп беру мүмкін болмады.

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here