«А» лигасы. «Хабар», «Қазмедиа А»… минус «Elorda aqparat»

0
386
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Бұл кездесуді бәрі күтті. Чемпиондықтың тағдыры шешілер матч еді. Ұтылған команда бас жүлдені тағы бір маусым күтеді. Сондықтан шығар, екі команда да бірінші кезекте қорғанысқа көңіл бөліп, өз алаңдарында барынша сақ ойнады. Бірінші тайм үзіліссіз өтіп, екінші таймды «Elorda aqparat» өте белсенді бастады. Бірақ, «Қазмедиа А» кипері Саят Сабырбаев қақпасын берік күзетті. Әр шабуылға кеудесін тосып, алпамсадай денесімен бүкіл қақпаны жауып тастады. Ал қарымта шабуылдарын сәтті пайдаланған Марғұлан Ибраев шәкірттері қарсылас қорғаушыларының қателіктерін сәтті пайдаланды да, екі гол соғып, жеңісті жұлып алды.

Өз кезегінде «Қазмедиа А» мен «Elorda aqparat»-тың басты бәсекелестері «Хабар» еш қиындықсыз «Спорт 59» қақпасына жауапсыз жеті гол соқты. «Спорт 59»-дың бір ғана кемшілігі бар. Ойыншылары өз алдына мықты болғанымен команда ретінде әлі қалыптаспаған. Қақпашысынан басқасының барлығы шабуылға құмар. Рас, алғы шепте тау қопарып жатса әңгіме айтпайсың ғой. Бірақ, бұл сабаздарың қорғаныста да дриблингке көшіп, аяқтарында тұрған доптарынан айрылып қалып жатады. Жұлдызы көп, жұғымы жоқ команда, әйтпесе, кемі 3-орынды иемденетін әлеуеттері бар. Бәлкім, келесі маусымда атой салар?..

Ал аутсайдерлер дербиінде «Qazaqstan TV» жігіттері «Егемен Қазақстанның» екі голына үш тура соққымен жауап беріп, 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды. Осылайша турнир кестесінде 4-орынға көтерілсе, бас газеттің намысын қорғап жүрген жігіттер сол күйі соңғы орынды тастап кете алмады.

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here