«А» лигасы. 10-турдың таңдаулы құрамы түзілді

0
531
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Саят САБЫРБАЕВ (Qazaqstan TV)

Көңілі көтеріңкі болса, Саяттың қақпада сауысқандай сақ екенін білеміз. Бірақ, дәл бұлайша «арқасы ұстағанын» бірінші рет көрдік. Әйтпесе, «Хабар 24» жігіттерінде бір емес, кемі гол соғатын 5-6 мүмкіндігі болған. Алайда, әр допқа кеудесін тоса секірген «Қазмедиа А» қақпашысы бұл матчта бір гол да жіберген жоқ. Өкінішке қарай, Сабырбаев соңғы кездері командада Нұрбол Саматтың көлеңкесінде қалып қойып жүр.

Қорғаушылар – Талғат ҚАЙРОЛЛА (Қазмедиа А) мен Нүркен ЖАМБАЕВ (Elorda aqparat)

«Хабар 24» футболшыларының «Қазмедиа А» қақпасына гол соға алмауы қақпашыға ғана емес, бір жағынан, Талғат Қайроллаға да байланысты болса керек. Қарсыластарының шабуылшыларын жіпсіз байлап, бірде-біреуін тырп еткізбеген қорғаушы екінші таймда өзі де алға шығып, хет-трик авторы атанды.

Әдетте көп көзге түсе бермейтін Нүркен Жамбаев бұл ойында қорғаныста ғана емес, шабуылда да өте белсенді болды. Ал оның қатарынан соққан екі голы «Qazaqstan TV» ойыншыларын мүлдем есеңгіретіп, сең соққандай күйге түсірді.

Шабуылшылар – Шыңғыс ЕРҒАЛИЕВ (Хабар) пен Бексаттар САТТАР (Elorda aqparat)

Аутсайдер мен көшбасшының кездесуі болғанына қарамастан «Егемен Қазақстанға» қарсы ойын «Хабар» үшін оңайға түскен жоқ. Әсіресе ойын басында бас газеттің сарбаздары қарсыластарына әжептеуір қарсылық танытып, қорғаныста қателеспеуге тырысты. Егер Шыңғыс Ерғалиевтің күтпеген жерден бағыттаған жойқын соққысы болмағанда, Елдос Қозбақов қақпасынан саңылау табу оңай болмас еді. Ал екінші таймның басында «Феррари» дубль жасап, ірі жеңіске тағы қол ұшын тигізді.

Өздеріне білінбейтін шығар, алайда, сырт көзге Бексаттар Саттар мен «Хабардағы» Нұрсұлтан Қабылбек арасындағы бәсекелестік бәйге анық байқалады. Бірі бір гол соқса, екіншісі дубль жасап, лайықты жауап қатуға тырысып жатады. Бұл жолы да солай болды. Нұрсұлтан Қабылбек хет-трик жасап еді, Бексаттар да «Qazaqstan TV» қақпасына үш гол соқты. Дегенмен, бұл шабуылшының бір артықшылығы – өзі ғана гол соғып қоймайды, әріптестерінің де ассистік қызмет жасап тұрады. Өткен турда Бексаттардың нәтижелі пастары Мәди Ысқақовқа «азық» болды.

Резерв:

Қақпашы – Азамат НҰРМАТОВ (Elorda aqparat).

Қорғаушылар – Сапарғали ҚАНАТ (Хабар), Төреби НҰРЛАНОВ (Қазмедиа А).

Шабуылшылар – Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар), Мәди ЫСҚАҚОВ (Elorda aqparat).

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here