Қазмедиа А – Хабар 24 9:0
10-шы турдың барлық ойындары ірі есеппен аяқталды. Дегенмен, ешқайсысы да қарсыластарына жеңісті оңайлықпен бере салған жоқ. Мәселен, «Хабар 24» 20 минут бойы «Қазмедиамен» арпалысып, ойын тағдырын құтқарып қалуға тырысты. Шыны керек, Төреби Нұрлановтың голынан кейін «хабарлықтарда» үш-төрт тура соққымен жауап беретін мүмкіндік болған. Бірақ, Марат Тукатов та, Шыңғыс Мұса да «Қазмедиа» қақпасынан саңылау таба алмады. Бір жағынан Саят Сабырбаевқа да қанат бітіп, тамаша сейвтерімен өз командасын қауіптерден құтқарып жатты. Ал үзілістен кейін шаршап қалған «Хабар 24» жігіттерінің осал тұстарын табу қиын болған жоқ. Қақпашыдан басқаларының барлығы гол соғып, ойын 9:0 есебімен аяқталды.
Ойыншылар бағасы:
«Қазмедиа А»: Саят САБЫРБАЕВ – 5, Талғат ҚАЙРОЛЛА – 5, Төреби НҰРЛАНОВ – 5, Құмарбек АЗАТ – 4.5, Ер-ұлан НҰРЛАНОВ – 5, Абдулла ТӨКЕНОВ – 4, Қанат ТАКИРОВ – 4.5
«Хабар 24»: Хасан ТАШЕНОВ – 4, Марат ТУКАТОВ – 4.5, Аслан МЫҢБАЕВ – 3.5, Бауыржан ҚОШАНОВ – 4.5, Шыңғыс МҰСА – 3, Нұрахмет БЕКТҰРҒАНОВ – 4.5, Аян ОМАРҚҰЛОВ – 4
Elorda aqparat – Qazaqstan TV 7:1
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш командалар арасындағы бірінші айналымдағы ойында «Elorda aqparat» қарсыластарын еш қиындықсыз 8:3 есебімен ұтқан болатын. Бұл жолғы матчта да Нұр-Сұлтанның басты ақпарат агенттігі аса қиналған жоқ. Бірінші таймда-ақ 3:0 есебімен жеңіп тұрды. Үзілістен кейін Жандос Манашев таблодағы көрсеткішті бір голға қысқартқанымен Ғалым Қожабеков шәкірттері қайта күш алып, «Qazaqstan TV» қақпасына тағы төрт гол соқты. Бексаттар Саттар хет-трик авторы атанса, Мәди Ысқақов пен Нүркен Жамбаев дубль жасап, былтыр ғана «В» лигасында ойнаған «Elorda aqparat»-қа жүлде сыйлады.
Ойыншылар бағасы:
«Elorda aqparat»: Азамат НҰРМАТОВ – 5, Нүркен ЖАМБАЕВ – 5, Елтай НҰРҒАЗИН – 5, Бексаттар САТТАР – 5, Ұлан ЗАТТЫБЕКОВ – 4, Достияр МҰҚАШ – 4.5, Аян ӘБДУӘЛИ – 4, Мәди ЫСҚАҚОВ – 5, Аян ӘЛІМХАНОВ – 4.5
«Qazaqstan TV»: Абзал ЧАПАЕВ – 3.5, Самат СЫРЖАНОВ – 4, Асқар МҰХТАРОВ – 4, Жандос МАНАШЕВ – 5, Данияр БЕКЖАНОВ – 5, Дінислам ЖАНДОС – 3.5, Мирас ЖАҚЫПОВ – 3.5, Руслан ТӘУІРШЕ – 4
Хабар – Егемен Қазақстан 8:3
Аталмыш командалар арасындағы бірінші айналымның ойынын әлі ешкім ұмыта қойған жоқ. «Хабар» былтырғы вице-чемпиондарды 14:3 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Бұл кездесуден де көпшілік ірі есеп күтті. Расымен де, матчты қарқынды бастаған «Хабар» 7-ші минутта-ақ Шыңғыс Ерғалиевтің көмегімен есеп ашып, арада тағы сонша уақыт өткенде Нұрсұлтан Қабылбек есепті еселеген еді. Көп күттірмей, Сапарғали Қанат «Егемен» қақпасына үшінші голды тоғытты. Алайда, екінші таймды сауатты бастаған бас газеттің жігіттері қарсыластарына мүмкіндік берген жоқ. Тек соңғы сәтте ғана қос команда да ашық айқасқа көшіп, 37-минуттан 40-шы минутқа дейін үш-үш голдан соғылды да, таблода 8:3 есебі тіркелді.
Ойыншылар бағасы:
«Хабар»: Бағдат ӘШІМ – 4, Бимухамед БУКЕЕВ – 4.5, Нұршапағат НЕСІПБАЕВ – 4, Сапарғали ҚАНАТ – 5, Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК – 5, Асқар ХАМИДЕН – 4.5, Шыңғыс ЕРҒАЛИЕВ – 5, Әлішер КЕЛГЕНБАЙ – 4, Дарын ОЛЖАБАЙ – 4, Еркебұлан ШУАШОВ – 4
«Егемен Қазақстан»: Елдос ҚОЗБАҚОВ – 4.5, Берік ШӘПЕТОВ – 4.5, Еркебұлан АЛДАБЕРГЕН – 5, Фархат ҚАНАЛЫ – 4, Төлеубек ҚАДЫРМОЛЛА – 4.5, Еламан ЖАРҚЫНБЕК – 4.5, Абылай ЫБЫРАЙҰЛЫ – 3.5
«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
BAQ league бесінші маусымының серіктестері:
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.