«В» лигасы 9-турының таңдаулы құрамы түзілді

0
477
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Кирилл ПЯРТЕЛЬ (Мазмұндама)

БАҚ лигаға трансферлік терезе кезінде қосылған Кирилл Пяртель қатарынан екінші ойында «Мазмұндаманы» арқасына салып, жеңіске сүйрелеп шықты. Әзиз Жұмаділ гол соққанда да ассист авторы атанған осы қақпашы.

Қорғаушылар – Аят ДҮЙСЕМБАЕВ (Ел арна) пен Мирас ҚАЙЫРХАН (Қазмедиа В)

«Қазмедиаға» қарсы «Ел арна» командасы екі төрттікпен ойнады. Бірі шабуылға бейім ойыншылар болса, екіншісі қорғаныстың жігіттері еді. Аят Дүйсембаев қорғаныста ойнады. «Ел арна» бұл кездесуде қақпаларынан үш доп алып шыққанымен Аят алаңда жүргенде «қазмедиалықтар» Жасын Біркеновті бірде-бір рет мазалай алмады.

Мирас Қайырхан биыл ерекше құлшыныспен доп теуіп жүр. Әсіресе маңызды матчтарда командасының нағыз көшбасшысы бола білетін Мирас «Ел арнаға» қарсы да кездесуде де барын сала ойнап, алғашқы голдың авторы атанды. Оның қорғаныстағы сауатты ойыны қақпашысына сенімділік сыйлап, алғы шептегі әріптестерін рухын жаныды.

Шабуылшылар – Бақытжан МАСАҚОВ (Qazaq radiolary) пен Ернұр ДОСЖАНОВ (Астана ТВ)

Бірінші айналымда «Qazaq radiolary» ойыншыларының жүйкелерін біраз жұқартқан «ДИАП Qazaqstan» командасы бұл жолы матчты қарқынды бастаған. Алайда, Бақытжан Масақовтың екі голы ұлттық арна жігіттерінің сағын сындырып тастады. Ал одан кейін жеңісті жолды өзге әріптестері жалғастырды.

«Астана ТВ» командасына келіп, Ернұр Досжановтың екінші тынысы ашылып жүр. Өткен жолы дубль авторы атанып еді, бұл жолы азулы «National Geographic Qazaqstan» қақпасына хет-трик жасады. Шамасы, Ернұр өз ұжымын енді тапқан сияқты.

Резерв:

Қақпашы – Дмитрий ПОКИДАЕВ (Астана ТВ).

Қорғаушылар – Назар НАЙЗАБЕКОВ (Qazaq radiolary), Еркін ШӘКІР (Мазмұндама).

Шабуылшылар – Николай КРУЖАЛЬСКИЙ (Астана ТВ), Дәурен ЖОЛДАСОВ (Ел арна).

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here