”А” лигасы 9-турының таңдаулы құрамы жасалды

0
338
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Азамат НҰРМАТОВ (Elorda aqparat)

«А» лигасында ең аз гол жіберген команда – «Elorda aqparat». Сондай-ақ, өткен турда «Хабар 24» қақпасына пенальтиді дәл орындаған Азамат Нұрматов біріншіліктегі голдарының санын үшеуге дейін жеткізді. Бұл кейбір шабуылшылардың өзі қол жеткізе алмай жүрген көрсеткіш.

Қорғаушылар – Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар) мен Ершат ҚОЖАТАЕВ (Қазмедиа А)

Қақпаға да тұрды, қорғаныста да сауатты ойнады. Бір сөзбен айтқанда, «Qazaqstan TV» командасына қарсы ойында «Хабар» капитаны нағыз көшбасшы бола білді. Аса көп тер шығара қоймаса да, Нұрсұлтан Құрман ойын тізгінін толығымен өз қолына алып, қарсыластарын жіпсіз байлап тастады.

Нұрсұлтанға жұп ретінде тағы бір «хабарлық», бірақ биылғы маусымды «Қазмедиада» өткізіп жүрген Ершат Қожатаевты қойғымыз келіп отыр. Қиын сәтте командасын жалғыз өзі сүйреп шығара алатын Ершат бұл жолы да «Спорт 59» қақпасына жеңіс голын соғып, «Қазмедиаға» үш ұпай сыйлады.

Шабуылшылар – Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (Хабар) мен Бексаттар САТТАР (Elorda aqparat)

«Хабардың» қай шабуылшыларын атасаң да, таңдаулы құрамға лайық. Алайда біз бұл жолы Әлішер Келгенбайды таңдадық. «Qazaqstan TV» қақпасына хет-трик жасаған Әлішер БАҚ лиганы сағынып-ақ қалыпты. Өте жанкешті ойнады. Өзін де, өзгені де аяған жоқ.

Ал «Хабар 24» қақпасына дубль жасаған Бексаттар Саттар сұрмергендер тізімінде көш бастап келеді. Дегенмен,  екі голы үшін ғана таңдаулы құрамға ілігіп тұрған жоқ. Бексаттар әріптесі Мәди Ысқақовтың да көзге түсуіне жағдай жасап, Достияр Мұқашқа екі ассист жасады.

Резерв:

Қақпашы – Айбек ҚАБЫЛША (Хабар).

Қорғаушылар – Елтай НҰРҒАЗИН (Elorda aqparat), Ер-Ұлан НҰРЛАНОВ (Қазмедиа А).

Шабуылшылар – Нұрмұхамед БАЙСҮГІРОВ (Спорт 59), Жандос МАНАШЕВ (Qazaqstan TV).

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here