«В» лигасында шиеленіс өрши түсті

0
390
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Qazaq radiolary – ДИАП Qazaqstan 4:1

Турдың шымылдығын «Qazaq radiolary» мен «ДИАП Qazaqstan» ашты. Естеріңізде болар, бірінші айналымда «радиолықтар» 4:1 есебімен жеңіп жатып, кездесудің соңғы секундында қарсыластарына таразы басын теңестіруге мүмкіндік беріп қойған. Сол ойын «Qazaq radiolary»-на үлкен сабақ болса керек, бұл жолы ондай қателіктерге жол бермеуге тырысып, бірінші таймда-ақ «ДИАП Qazaqstan» қақпасына 4 гол соғып тастады. Дегенмен, екінші таймда аздап шаршап қалды да, қарағандылық дизайнер Темірлан Төлеутайдың соққысын өткізіп алды. Қорытынды есеп – 4:1, «Qazaq radiolary» әлі де «Астана» телеарнасының соңынан қуып келеді.

Астана ТВ – National Geographic Qazaqstan 6:0

Бірінші айналымда 1:9 есебімен ойсырай жеңілгенде бұл есепті «Табиғат жыршыларының» жай ғана сәтсіздігі шығар деп ойлаған едік. Әлбетте, «Астана ТВ» командасының мықтылығына ешкім күмән келтірмейді. Алайда, сол матчта «National Geographic Qazaqstan» сапында расымен де кейбір ойыншылар жетіспей қалып еді. Тіпті, капитаны Арай Ізбай да ойынға қатыса алмаған. Сондықтан, қарымта матчтан күтеріміз көп болды. Бірақ, «Астана ТВ» тағы да қарсыластарын қалпақпен қайырып алды. «Ел арнадан» ауысып келген Ернұр Досжанов хет-трик авторы атанса, тағы бір жаңа ойыншысы Николай Кружальский дубль жасап, бір голды Еркін Бектенов соқты. Ал «National Geographic Qazaqstan» осы жеңілістен кейін үшінші орындағы «Ел арнадан» алты ұпайға қалып қойды.

Ел арна – Қазмедиа В 3:3

Дегенмен, «Ел арна» үшін де 9-шы тур сәтті өткен жоқ. «Қазмедиадан» қарымта қайтарамын деп жүріп, 3:3 есебімен тең түсіп қалды. Қайта бақтары бар екен, таразы басын теңестіруге шамалары жетті. Әйтпесе, бірінші таймнан кейін 1:2 есебімен жеңіліп жатқан. Ал бірінші айналымда ҚМО-ның екінші командасынан 4:5 есебімен ұтылғанын ескерсек, бұл жеңіліс оларға үлкен соққы болар еді. Бір қызығы, қызылжарлық жігіттері де «Ел арнаға» көмектесе алған жоқ. Рас, шеберліктерін төмен дей алмаймын. Әр «ойыншысы сайдың» тасындай іріктелген жігіттер. Бірақ, тактикалық-командалық ойын үлгісі әлі де болса ақсап тұрған сияқты.

Мазмұндама – Қаламгер 1:0

«Қаламгерден» екі ойында да үш ұпайдан алған «Мазмұндама» 10 ұпай еншілеп, турнир кестесінде 6-шы орынға көтерілді. Дегенмен, бұл матчта да «Мазмұндаманы» қақпашысы Кирилл Пяртель алып шықты. Ал матчтағы жалғыз голды екінші таймның екінші жартысында Әзиз Жұмаділ соқты.

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here