«А» лигасы. Көшбасшылар мен аутсайдерлердің арасы алшақтай түсті

0
534
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Хабар 24 – elorda aqparat 1:7

Бірінші айналымда өзара тең түскеннен кейін бұл ойынның текетіреске толы боларына үміттенгенбіз. Расымен де бірінші тайм тартысты өтті. Қарсыластарының барлық артық-кем тұстарын біліп алған болулары керек, «Хабар 24» ойыншылары «Elorda aqparat» шабуылдарына лайықты тосқауыл қойып, дер кезінде өздері де қарсылас қақпашысын мазалап жатты. Тіпті, Мәди Ысқақовтың бірінші таймның соңында тоғытқан голы да «хабарлықтардың» сағын сындыра алмаған. Алайда, үзілістен кейін «Elorda aqparat» тактикасын өзгертті де, жоғары прессингке көшіп, Хасан Ташенов бастаған жігіттердің адымдарын аштырмай тастады. Бұл өз кезегінде «Хабар 24» ойыншыларының жүйкелеріне кері әсер етіп, қателіктерге жиі бой алдыра берді. Осылайша екінші таймда қалағанынша гол соққан «Elorda aqparat» 7:1 есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі 2-ші орнын сақтап қалды.

Qazaqstan TV – Хабар 3:8

Екі апта демалған «Хабар» БАҚ лиганы сағынып қалыпты. «Qazaqstan TV» командасына қарсы ойында бірінші минуттан бастап шабуылға көшкен агенттіктің жігіттері көп созбай-ақ ұлттық арна командасының қақпасына қақырата голдар соғып тастады. Тек алты голдан кейін ғана тынышталып, қарсыластарына да үш гол соғуға мүмкіндік берді де, екінші таймда «Qazaqstan TV» қақпасынан тағы екі саңылау тапты. Қорытынды есеп – 8:3, «Хабар» көшбасшыдан үш ұпайға қалып келе жатқанымен басты бәсекелесіне қарағанда бір ойынға кем өткізген.

Спорт 59 – Қазмедиа А 3:4

Ал турдың орталық кездесуі «Спорт 59» бен «Қазмедиа А» арасында өтті. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш командалардың бірінші айналымдағы өзара ойыны 10:2 есебімен ҚМО+ЦАИ жігіттерінің пайдасына шешілген болатын. Бірақ, ол нәтижені көпшілік сәйкестікке балап, қарымта кездесуде Бек Төлеудің «жендеттері» лайықты қарсылық көрсетеді деп күткен. Дегенмен, бірінші минутта-ақ күтпеген жерден қақпаларына гол жіберіп алып, жағдайларын қиындатып алды. Көп ұзамай «Спорт 59» таразы басын теңестіргенімен «Қазмедиа А» Ер-Ұлан Нұрланов және Азамат Бертисовтің көмегімен тағы екі гол соғып, 3:1 есебімен алға шықты. Алайда, үзілістен кейін екінші демдері ашылған «Спорт 59» жігіттері «қазмедиалықтарды» қысып тастап, таразы басын теңестіріп те үлгерді. Тіпті, камбэкке де аз қалған. Алайда, матчтың аяқталуына екі минуттай қалғанда Ершат Қожатаев жеңіс голын соғып, өз командасына жеңісті жұлып әперді.

Осылайша «А» лигасында үздік үштікті «Қазмедиа А», «Elorda aqparat» және «Хабар» құрап тұр. Ал қалғандары енді өз орындарын сақтап қалу үшін арпалысады.

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here