Осы трансферлік терезеде барлығы 36 трансфер орын алған. «А» лигасына келген ойыншылардың саны – 11, кеткендердің саны – 11. «В» лигасына келген командалардың саны – 18, кеткендердің саны – 4. «В» лигасынан «А» лигасының командаларына ауысқан ойыншылар – үшеу. «А» лигасынан «В» лигасына 1 ойыншы өтіпті. «Еркін агент» ретінде осы бес күндікте 20 ойыншы тіркелді. Яғни, олар маусымның бірінші жартысында еш команда сапында тіркелмеген. «Еркін агенттердің» төртеуі «А» лигасының командаларына келсе, 16-сы «В» лигасының командаларын толықтырған. Жалпы, командасыз қалған ойыншылардың саны – 8. Олардың жетеуі бұған дейін «А» лигасында болған, біреуі «В» лигасының командасында ойнапты. Айтпақшы, трансферлік маусымда “ДИАП Qazaqstan” ғана өз құрамын еш өзгеріссіз қалдырған.
Трансферлік терезе жабылды. Кімде қандай өзгеріс бар?
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.
Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.