BAQ league. «В» лигасы 7-турының таңдаулы құрамы түзілді

0
328
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы: Дмитрий ПОКИДАЕВ (Астана ТВ)

Егер осы қарқынынан таймаса, Дмитрий Покидаев таңдаулы құрамға ілігуден рекорд жасайды. Осымен бесінші рет үздіктер командасына ілігіп отыр. Өткен турда қақпасына бір гол жібергенімен өзі де алыстан қарсылас қақпасына парашютті сәлемдеме жіберіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Қорғаушылар: Ернұр ДОСЖАНОВ (Ел арна) пен Назар Найзабеков (Qazaq radiolary)

Өзінің «Ел арна» үшін өткізген соңғы кездесуінде Ернұр Досжанов бірінші болып гол соғып, матчтың үздік ойыншысы атанды. Енді ол өз ойынымен «Астана ТВ» жанкүйерлерін қуантады. Сіңісе алар ма екен?

Назар Найзабековтің «Қазмедиа В» қақпасына соққан голын әлі талай уақыт жанкүйерлер тамсана еске алып жүрері анық. Өзге лидерлер жоқ кезде көшбасшылықты өз қолына ала білген Назар қорғаныста да, шабуылда да белсенді болып, командасының жеңіске жетуіне сүбелі үлес қосты.

Шабуылшылар: Бақытжан МАСАҚОВ (Qazaq radiolary) пен Бағдат ТОБЫЛБАЙ (ДИАП Qazaqstan)

Өте тартысты, әрі қиын өткен ойында Бақытжан Масақов «Қазмедиа В» қақпасына дубль жасады. Мұны бір деп қойыңыз. Одан бөлек, Бақытжан қорғаныста да әріптестеріне көмектесіп, алаңның әр бөлігінен табыла білді.

Қостанайдан ат арылтып апта сайын Астанаға келіп жүрген Бағдат Тобылбай осы жобадағы алғашқы пента-тригін жасады. Тепкен добы «Мазмұндаманың» қақпасынан табылып, қарсыластарың еңсесін басып тастады.

Резерв:

Қақпашы – Жасын БІРКЕНОВ (Ел арна).

Қорғаушылар – Әділет ҚҰСАЙЫНОВ (Астана ТВ), Дулат НУРКИН (ДИАП Qazaqstan).

Шабуылшылар – Дәурен ЖОЛДАСОВ (Ел арна), Ержан ЖҮНІС (Qazaq radiolary).

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here