Қақпашы: Нұрбол САМАТ (Қазмедиа А)
Қарсыластарын 4:1 есебімен жеңгенімен «Егемен Қазақстан» командасына қарсы ойын «Қазмедиа А» үшін оңай болған жоқ. Шабуылшылар жан-жақтан қысқан кезде ҚМО қорғаушылары бас көтере алмай, төмен бұға берді. Дегенмен, ойынды толығымен өз бақылауында ұстаған Нұрбол Самат өзінің тамаша сейвтерімен әріптестеріне сенімділік сыйлады.
Қорғаушылар: Самат СЫРЖАНОВ (Qazaqstan TV) пен Ершат ҚОЖАТАЕВ (Қазмедиа А)
Егер Самат Сыржанов команда ауыстырар болса, ұлттық арна ұжымы көп нәрсе жоғалтары анық. «Хабар 24» қарсы кездесуде қорғанысқа толығымен жауап берген Самат шабуылдарды да әдемі ұйымдастырып отырды.
«Хабар» сапында БАҚ лиганың үш дүркін чемпионы атанып, үш рет үздік қорғаушы номинациясын жеңіп алған Ершат Қожатаев «Егемен Қазақстан» командасына қарсы кездесуде биыл да осы номинацияға әбден лайық екендігін көрсетті. Қорғанысқа жантайып жатып алмай, шабуылға да араласып, өз мәнерінде бір гол соқты.
Шабуылшылар: Жандос МАНАШЕВ (Qazaqstan TV) пен Бексаттар САТТАР (Elorda aqparat)
Жандос Манашевтің алғашқы хет-тригі «Qazaqstan TV» командасына жеңіс сыйлады. Иә, шабуылшы бұл матчта негізгі құрамда алаңға шыққан жоқ. Иә, соңғы минуттарда ғана іске қосылды. Дегенмен, соның өзі үш гол соғып, матч үздігі атануға жеткілікті болды.
Бәсекелестік күшейді ме, әлде қорғаушылар оның бар әдісін біліп алды ма, биылғы маусымда Бексаттар Саттар соншалықты белсенді емес. Дегенмен, «Спорт 59» командасына қарсы кездесуде «Elorda aqparat» шабуылшысының акробатикалық шеберлігіне тәнті болып, бұрынғы Бексаттарды қайта көргендей болдық.
Резерв:
Қақпашы – Берік ШӘПЕТОВ (Егемен Қазақстан).
Қорғаушылар – Елтай НҰРҒАЗИН (Elorda aqparat), Данияр БЕКЖАНОВ (Qazaqstan TV).
Шабуылшылар – Абылай ТҰРЛЫбЕКОВ (Қазмедиа А), Аян ӘБДУӘЛИ (Elorda aqparat).
«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
BAQ league бесінші маусымының серіктестері:
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.