БАҚ лигада трансферлік терезе ашылды

0
350
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Наурыздың 4-і күні басталған трансферлік кезең наурыздың 8-і күніне (сол күнді қоса есептегенде) дейін жалғасады. Яғни, 7-ші және 8-ші турдың ортасы. Осы аралықта командалар құрамдарын күшейтіп, толықтыра алады. Трансферлік терезе 8 наурыз (жұма) сағат 18:00-де жабылады.

Трансферлік кезеңнің ережесі бойынша командалар өз сапына БАҚ саласының шығармашылық тобының өкілдерін, журналистика факультетінің студенттерін және журналистика факультетінің түлектерін қосуларына құқылы.

Құрамына жаңа ойыншы қосқан командалардың жетекшілері Ұйымдастыру комитетіне мына құжаттарды өткізулері тиіс.

Бұрынғы командасынан рұқсатнама (егер ойыншы Журналистер лигасында басқа команданың сапында болса),

Өтініш қағазы (еркін түрде),

Жеке куәліктерінің көшірмесі,

Қызмет куәліктерінің көшірмесі 3х4 сурет (электрондық нұсқада),

Студенттік билет көшірмесі (студенттер үшін),

Студенттік сынақ кітапшасы (студенттер үшін),

Жұмыс орнынан анықтама (ҰК сұрауы бойынша),

Еңбек келісімшартының көшірмесі (ҰК сұрауы бойынша)

Зейнетақы қорынан анықтама (ҰК сұрауы бойынша)– соңғы үш айға.

Диплом көшірмесі (ҰК сұрауы бойынша)

Еңбек кітапшасының көшірмесі(ҰК сұрауы бойынша)

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here