«В» лигасы. Көшбасшы бір төбе, жүлдегерлер бір төбе, өзгелері – төмпешік

0
392
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

«Астана ТВ» басты бәсекелесінен 8 ұпайға алда. Иә, сегіз ұпайға. Команда әлі ұпай жоғалтқан жоқ. Ойындарына қарасаң, ұпай жоғалтар түрлері де көрінбейді. Гол айырмашылығы +38. Шымкенттің жазғы ауа-райын көрсетіп тұр. Мұндай көрсеткіш ешкімде жоқ. Жақын уақытта ешкімде де болмайтын шығар. Ең көп гол соққан да, ең аз гол жіберген де солар. Бүгін олар «Қаламгердің» бір голына тоғыз тура соққымен жауап берді. Тіпті, қақпашысы Дмитрий Покидаевқа дейін гол соқты. Егер дәл осы құрамды сақтап қалып, жаттығуларын әрі қарай жалғастыра берсе, онда келесі жылы «А» лигасында фурор жасайын деп тұр.

Маусымды өте сәтсіз бастап, алғашқы төрт турдан кейін қарсылас қақпасына жалпы саны 4 гол соғып, өз қақпаларынан 39 доп алып шығуға мәжбүр болған «ДИАП Qazaqstan» естерін енді ғана жиып келе жатқан сияқты. Жеңістің дәмін біліп алды. «Қазмедианың» екінші командасын жеңіп, «Qazaq radiolaray»-мен тең түскеннен кейін рухтары да көтеріліп қалды. Бүгін сол қарқындарымен «Мазмұндаманы» да ірі есеппен жеңді. Қорытынды есеп – 7:2. Дегенмен, «Мазмұндама» да бұл матчқа дайындықсыз шығып, бірінші таймды 1:1 есебімен тең аяқтағанымен үзілістен кейін шаршап қалды. Енді келесі жексенбі командалар қайта кездеседі. Бұл текетірестің айтылмай қалған сырлары, аяқталмай қалған жырлары әлі де бар сияқты.

«Qazaq radiolary» да бұл турға қосалқы құраммен келді. Алайда, матчты қорғаныста бастап, бірінші таймның соңына қарай екі гол соғып алған «радиолықтар» қарсыластарының еңсесін басып тастады. Үзілістен кейін Ержан Жүніс есепті 3:0-ге жеткізіп, «Қазмедиа В» командасының жағдайы тіптен қиындай түсті. Тіпті, Мирас Қайырханның голынан кейін де ес жия алмады. Өз кезегінде «Qazaq radiolary» ойын тізгінін толығымен өз қолдарында ұстап, кездесуді 5:2 есебімен аяқтады.

Ал ең тартысты кездесу «Ел арна» мен «National Geographic Qazaqstan» арасында өрбіді. Өткен турда «Астана ТВ»-дан оңбай ұтылған «табиғат жыршылары» сол күйі естеріне келе алмапты. Тіпті, үш матчтық дисквалификациядан кейін алаңға қайта оралған Арай Ізбай да командасына көмектесе алмады. Негізі, матчты тамаша бастап, есепті бірінші болып ашқан. Бірақ, капитандары жарақат алып қалғаннан кейін команданы алға бастайтын ешкім болмай алды. Мәді Құдайбергеннің де жоқтығы сезілді. Ал ойындары 10 минуттан кейін ғана жүре бастаған «Ел арна» тамаша камбек жасап, кездесуді 4:2 есебімен өз пайдаларына аяқтады. Әйтсе де, бұл текетіреске де нүктен қоюға әлі ерте секілді. Арпалыстың жалғасын келесі жексенбіде күтеміз. «National Geographic Qazaqstan» қарымта қайтаруға әбден қабілетті.

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here