«В» лигасы 6-шы турының таңдаулы құрамы жасалды

0
503
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Айдын ҚАНЖЕКЕЕВ (Мазмұндама)

Қанат Базылханның жарақатынан соң голкиперсіз қалған «Мазмұндаманың» қақпасын бұл жолы Айдын Қанжекеев күзетті. Бұған дейін шабуылда да, қорғаныста да ойнап көрген «Атамекен» телеарнасының дизайнері қақпада да қабілетті екен. «Қаламгермен» болған кездесуде жауапты міндетті өз мойнына алып, әріптестерінің сенімін толықтай ақтап шықты. Ал ойынның соңғы минуттарында алаңға алғы шепке шығып, «Қаламгер» қақпасына жетінші голдың соғылуына мүмкіндік жасады.

Қорғаушылар – Александр ОЛЕЙНИК (Астана ТВ) пен Алмас ӘЛІБАЕВ (Қазмедиа В)

«National Geographic Qazaqstan» командасына қарсы кездесуде «Астана ТВ» қорғаушысы Александр Олейник дубль жасап, өз командасының ірі жеңіске жетуіне сүбелі үлесін қосты. Сондай-ақ, «табиғат жыршыларының» шабуылшыларына мүмкіндік берген жоқ. Сондықтан шығар, әдетте әр матчта хет-трик, кем дегенде дубль жасап жүрген Мәді Құдайберген бұл жолы тек пенальтиден ғана гол соға алды.

Алмас Әлібаевты қорғаушылардың эталоны деп айта алмайсың. Техникасы да төменнен сәл ғана жоғары ойыншылардың қатарынан. Бірақ, өзгелерден басты артықшылығы сол, өз жұмысын сауатты атқарады. Қажет шақта қорғаныста ойнап, керек кезде шабуылдан табыла біледі. Бұған біз «Ел арнаға» қарсы ойында кезекті рет көз жеткіздік.

Шабуылшылар – Маханбет ӘНУАРБЕКҰЛЫ (ДИАП Qazaqstan) мен Дарын ШЕҢГЕЛБАЙ (Астана ТВ).

БАҚ лиганың үшінші маусымында фурор жасап, кейін жоғалып кеткен Маханбет Әнуарбекұлы енді ғана бабына еніп келе жатқан сияқты. Оның үш голы «ДИАП Qazaqstan» ұжымына «Qazaq radiolary»-нан тең есепті жұлып алуға көмектесті. Ал шабуылшының өзі голдарының санын 8-ге дейін жеткізіп, сұрмергендер тізімінде бесінші орынға көтерілді.

Өткен турда Дарын Шеңгелбайдың тепкен добы қарсылас қақпасынан табылып жатты. Алыстан да тепті, жақыннан да көрді, үш гол соғып тастады. Бәлкім, бұл да бір мықты шабуылшыға берілген қасиеттердің бірі шығар. Әйтпесе, басқаның добы олай діттеген жеріне бара бермейді ғой.

Резерв:

Қақпашы – Дмитрий ПОКИДАЕВ (Астана ТВ),

Қорғаушылар – Назар Найзабеков (Qazaq radiolary), Айдын ҚОЖАХМЕТ (Мазмұндама),

Шабуылшылар – Мағжан ЖҰМАБАЕВ (Мазмұндама), Батырбек ҚАЗБЕК (Қазмедиа В).

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here