«А» лигасы 6-шы турының таңдаулы құрамы түзілді

0
359
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Айбек ҚАБЫЛША (Хабар)

Дәл қазір «А» лигасының қақпашысы кім деген сұраққа, сіздерді қайдам, өз басым ойланбай-ақ «Айбек Қабылша» деп жауап берер едім. Өкінішке қарай, ойындарға бірде келіп, бірде келмей жүр. Әйтпесе, қақпасынан соқыр тышқанды да оңайлықпен өткізе қоймайтын тасқамал кипер. Оған «Qazaqstan TV» командасымен болған кездесу куә. Лиганың үздік шабуылшыларының бірі Жандос Манашевтің бірде-бір соққысын дарытпаған Айбек матч соңында Ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Үздік ойыншы» атанды. Егер әр ойынға уақытымен келер болса, онда негізгі құрамдағы орнын әлдеқашан қайтарып алар еді.

Қорғаушылар – Рауан ОМАРХАН (Хабар 24) мен Нүркен ЖАМБАЕВ (Elorda aqparat)

Ірі есеппен аяқталады деп күтілген бұл кездесу көпшіліктің үмітін ақтаған жоқ. Нақты айтқанда, «Хабар 24» қорғаушысы Рауан Омархан «Elorda aqparat» шабуылшыларына еш мүмкіндік бермеді. Қарсыластарының жылдам голынан кейін бүкіл командаластарын шабуылға жіберіп, жалғыз өзі қорғанысқа жауап берген Рауан «Хабар 24»-тің тең ұпайға қол жеткізуіне орасан үлес қосты.

Бұл кездесу «Elorda aqparat» қорғаушыларына да оңай болған жоқ. Қақпаларына жылдам гол жіберіп алғаннан кейін «Хабар 24» ойыншылары «не бел, не белбеу кетеді» деп тайлы-тұяғымен шабуылға көшті. Бірақ, қорғанысқа жантайып жатып алған «елордалықтар» қарсыласының барлық шабуылына төтеп берді. Әсіресе Нүркен Жамбаев белсенді еді. Матч соңында Ұйымдастыру комитеті оны «Үздік ойыншы» деп бекер таныған жоқ.

Шабуылшылар – Абдулла ТӨКЕНОВ (Қазмедиа А) пен Абылай ТҰРЛЫБЕКОВ (Қазмедиа А)

Шабуыл шебіне «Қазмедиа А» командасының қос шабуылшысын бекер қойған жоқпыз. Турдың орталық кездесуі деп күтілген «Қазмедиа А» мен «Спорт 59» матчынан көпшілік үлкен үміт күткен. Алайда, «Спорт 59» жігіттері үмітті ақтамады. Әлде «қазмедиалықтардың» қарқыны қатты болды ма? Екінші нұсқамен келісуге болатын секілді. Барлық шабуылшысы жақсы ойнады. Алайда, өздері дубль жасап, әріптестеріне әдемі пастар шығарып берумен болған Абдулла Төкенов пен Абылай Тұрлыбековті бөле-жара атағымыз келеді. Иә-иә, «қазмедиалықтарды» қазір құлақтан сүйреп жүрген ЦАИ қызметкерлері екеніне кезекті рет көз жеткізіп жатқан жайымыз бар.

Резерв:

Қақпашы – Аян ОМАРҚҰЛОВ (қақпашы),

Қорғаушылар – Елтай НҰРҒАЗИН (Elorda aqparat), Талғат ҚАЙРОЛЛА (Қазмедиа А).

Шабуылшылар – Шыңғыс ЕРҒАЛИЕВ (Хабар), Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар).

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here