«В» лигасы. Аутсайдерлерді жабырқаған тур

0
403
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Алтыншы тур бірден сенсациямен басталды. Бұған дейін турнир кестесінде соңғы орында тұрған «ДИАП Qazaqstan» маусымның басты фавориттерінің бірі «Qazaq radiolary»-нан бір ұпай тартып ала білді. Негізі бәрі қалыпты жағдайда өрбіп жатқан. Бірінші таймның қорытындысы бойынша «радиолықтар» 4:1 есебімен аяқталды. Алайда, үзілістен кейін бірден босаңсып, тізгінді қарсыластарына беріп қойды. Нәтижесінде «аузынан ауыздықтың кеткенін» байқаған ұлттық арнаның ақпараттық-сараптамалық бөлімі қамшы басып, қарсыластарынан бір ұпайды жұлып алды. Бір қызығы, соңғы голды соңғы секундта соқты.

Кейінгі кездері «Ел арнаның» ойыны жүрер емес. Бәрі «Мазмұндамамен» болған матчтан кейін басталды. Рас, сол ойында 0:3 есебімен жеңіліп жатып, қарсылас қақпасына 7 гол соға алған. Бірақ, бұл кездесу жігіттердің арасына жік түсірген секілді. Бұрынғыдай берекелі емес. Кетеді деген ойыншылар көп. Енді «Ел арнаға» жаңа серпін керек. Абырой болғанда трансферлік терезенің ашылуына аз қалды. Жетекшісі Жасын Біркеновтің басы қатып жүргені анық. Ал «Қазмедиа В» командасын жүлдеге үміттілердің санатынан бекер ерте сызып тастаппыз. Екінші таймды өте тамаша өткізіп, 5:4 есебімен жеңісті жұлып алды.

Өз кезегінде «Мазмұндама» да жеңіске жетті. Аутсайдерлер дербиінде «Қаламгерді» 7:2 есебімен ұтқан олар турнир кестесінде 6-шы орынға көтерілді. Айтпақшы, айта кету керек, бұрын бұлар бір команда болған. Бірақ, өткен маусымнан кейін ұжым екіге бөлініп, жартысы «Мазмұндама» командасын құрған. Сондықтан, бұл бір жағынан бұрынғы «қаламгерліктердің» өзара дербиі болғаны да рас.

Ал «Астана ТВ» бұл жолы да қарсыласын бұйым құрлы көрген жоқ. Олардың жолына тұсау болады деген «National Geographic Qazaqstan» командасы көшбасшылардың тоғыз тура соққысына бір ғана голмен жауап бере алды. Осылайша «табиғат жыршыларын» 9:1 есебімен ойсырата жеңген елордамыздың басты телеарнасы турнир кестесінде басты бәсекелестерінен 8 ұпайға ұзап кетті. Енді оларды тоқтату оңай болмас.

«B» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

 

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here