«А» лигасы. Чемпиондыққа үміткерлер саны екеуге дейін қысқарды ма?

0
437
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Кеше «Elorda aqparat» күтпеген жерден «Хабар 24» командасымен тең ойнады. Есеп – 1:1. Дегенмен, айта кету керек, доптары қарсылас қақпасына дарымады. Бірнеше рет басты жаңалық арнасын кипері Аян Омарқұлов құтқарса, екі соққысы маңдайшадан кері серпіліп, бір доп қақпа бағанасына дөп тиді. Ал кездесудің соңғы минутында Марат Тукатов «Хабар 24»-тің қарымта шабуылын ұтымды пайдаланып, әріптесінің пасына аяғын дәл қойып қалды. Осы ойыннан кейін «Elorda aqparat» турнир кестесінде басты бәсекелесі «Хабардан» бес ұпайға қалып қойды.

Ал «Спорт 59» тіптен әзірге 6 ұпайды қанағат қылуға мәжбүр. Әр ойыншысы тұтас командаға татитын олар «қазмедиалықтардың» қарқынына төтеп бере алмады. Бірінші таймда тіптен бірде-бір түзу соққы жасай алмай пұшайман болған Бек Төлеудің жігіттері үзілістен кейін естерін жиып, екі гол соға алғанымен ойын жағдайын құтқара алған жоқ. «Қазмедиа А» сапынан Талғат Қайролла, Абылай Тұрлыбеков және Абдулла Төкенов дубль жасаса, Азамат Бертисов, Құмарбек Азат және ағайынды Нұрлановтар бір-бір голдан соғып, ойын 10:2 есебімен аяқталды.

Өз кезегінде «Хабар» кезекті рет жеңіске жетті. Бұл жолы БАҚ лиганың төрт дүркін чемпиондары артық күш жұмсамай-ақ «Qazaqstan TV» командасынан басым түсті. Есеп 6:2.

Иә, бас жүлдеге биыл «Хабар» мен «Қазмедиа А» таласатын секілді. «Хабардың» бір ойын артық өткізгенін, ал «Қазмедианың» келесі турда да жеңіске жету мүмкіндігі мол екендігін ескерсек, қос команданың да ұпайы теңесейін деп тұр. Ал одан кейін екі команда да ұпай жоғалтпауға тырысады. Демек, чемпион биыл соңғы турда ғана анықталуы әбден мүмкін.

«B» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here