«А» лигасы 5-ші турының таңдаулы құрамы жасалды

0
298
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Нұрбол САМАТ (Қазмедиа А)

Нұрболды соншалықты тасқамал қақпашы деп айта алмайсыз. Бірақ, «Қазмедиа» үшін сенімді кипер. «Хабар 24»-ке қарсы кездесуде ҚР АКМ Ақпаратты талдау орталығының сарапшысы қақпасынан екі-ақ доп алып шықты. Қарсыластары қанша тырысса да, бұдан арыға мүмкіндік бермеді.

Қорғаушылар – Нүркен ЖАМБАЕВ (Elorda aqparat) пен Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар)

Шағын денелі, аласа бойлы Нүркенге шабуылшылар көп мән бере бермейді. Тек бетпе-бет келгенде ғана оның қаншалықты тасқамал екендігіне көз жеткізеді. Өткен турда ұлттық арна шабуылшылары да алаңға осындай оймен шығып, ақыр соңында опық жеп қалғандары анық. Оның үстіне, өзге әріптестерінің бәрі алда жүргенде қақпашысына серік болып қалатын жалғыз осы Нүркен. Сонысына қарамастан гол да соғып үлгереді.

Әдетте бастан-аяқ ауыспай ойнайтын Нұрсұлтан Құрман осы жолы гол да соқты, өзге әріптестерінің де көсілуіне мүмкіндік беріп, нағыз капитанға тән мінез көрсетті. Ал матч соңында ұйымдастырушылар оны ойынның үздігі деп таныды.

Шабуылшылар – Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар) пен Азамат БЕРТИСОВ (Қазмедиа А)

Рас, маусым Нұрсұлтан Қабылбек үшін сәтті басталған жоқ. Алаңға үйренісе алмады ма, әлде голға тойынған ба еді, әйтеуір тепкен добы қақпаға дарымай жүрді. Алайда, қазір ақырындап бабына еніп келеді. Ал «Егемен Қазақстан» қақпасына 5 гол соққан «Джуниор» сұрмергендер тізімінде заңды бірінші орынына жайғасты.

Өткен жылы салмағы 100 келіден асып кеткен Азамат Бертисов бүгінде қайта бабына келген секілді. Өткен турда қақпашы ретінде таңдаулы құрамға енсе, бұл жолы «Хабар 24» қақпасына хет-трик жасап, матчтың үздік ойыншысы атанды. Бүгінде ол Құмарбек Азатпен бірге «Қазмедиа А» командасының негізгі шабуылшысы.

Резерв:

Қақпашы – Бағдат ӘШІМ (Хабар),

Қорғаушылар – Төреби НҰРЛАНОВ (Қазмедиа А), Сапарғали ҚАНАТ (Хабар).

Шабуылшылар – Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа А), Бексаттар САТТАР (Elorda aqparat).

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here