«В» лигасы. Жүлдеге үміттілер іріктелді ме?

0
309
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Алдымен, «Астана ТВ» командасынан бастайық. Бес ойында да ұпай жоғалтпаған елордамыздың басты телеарнасы жүз пайыздық көрсеткішпен бірінші орында келеді. Рас, Адлет Құсайынов бастаған команда үшін кей ойындар оңай болған жоқ. «Мазмұндамадан» ұтылып жатып, соңғы минуттарда ғана кездесу тағдырын түбегейлі өзгерте алды. «Қазмедиа В» командасын да әзер ұтты. Алайда, бүгінгі матчта байқадық, «Астана ТВ» «В» лигасында ешкімді қарсылас көрмейтін секілді. Еш қиындықсыз өздерінің басты бәсекелестерінің бірі «Ел арнаның» қақпасына жауапсыз бес гол соқты. Шынын айтқанда, «Хабар» агенттігінің үшінші командасы біріншілік көшбасшыларына еш қарсылық көрсете алған жоқ. «Астана ТВ» командасының алпамсадай жігіттері «ел арналықтарды» жаныштап өтті десек те болатын шығар. Тіпті, Жасын Біркеновтің тамаша сейвтері де «Ел арнаны» ірі жеңілістен құтқара алмады.

Дегенмен, «Ел арнаны» да тізімнен сызып тастауға болмайды. Әр ойыншысы бір төбе бұл команданың ұйымшылдығы да өз алдына бөлек әңгіме. Ал техника жағынан «Ел арна» ойыншыларына «В» лигасында тең келер команда жоқ. Сондықтан, чемпиондыққа болмаса да, бұлардың жүлделі орындарға таласуға қауқары әбден жетеді.

Одан кейін «Qazaq radiolary» жайлы айтқан дұрыс шығар. Алғашқы екі турда жеңілістің кермек дәмін татқанымен Назар Найзабеков, Елдос Өмірхан сынды ойыншылармен толыққаннан кейін бұл команда әлі ұпай жоғалтқан жоқ. Қатарынан үш кездесуде жеңіске жетіп, қазір «В» лигасында үздік үштікте тұр. Бүгін «Қаламгерге» қарсы матчты сылбыр бастағанымен дер кезінде «ұйқыларынан оянып», 10:3 есебімен жеңіске жетті.

Ал төртінші фаворит – «National Geographic Qazaqstan». БАҚ лига дебютанттарының қарқыны қатты. 10 ұпаймен «Астана ТВ» телеарнасынан кейінгі екінші орында тұр. Бүгін «Мазмұндаманы» 8:2 есебімен жеңді. Түк те қиналған жоқ. Құрамында Дәурен Берікқажы, Ермек Төрениязов, Арай Ізбай, Талғат Қайыргелдин сынды саңлақтар ойнайтын команда кімді қиын көрсін?.. Бұлардың қатарына Мәді Құдайберген мен Нұрәлем Жалғасұлы сынды жастарды қосыңыз. «Мазмұндама» жігіттері қанша тырысса да, «табиғат жыршыларына» шамалары келмеді.

Бұлардың қатарына «ҚМО»-ның екінші командасын да қосар едік. Дегенмен, «Қазмедиа В» жігіттеріне «А» лигасына өту әлі ерте секілді. Дайын емес. Бұған біз «ДИАП Qazaqstan»-ға қарсы кездесуде тағы бір көз жеткіздік. Өте тартысты өткен текетіресте Марғұлан Ибраев бастаған жігіттер 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, қатарынан екі ойында жеңілістің кермек дәмін татқан олар турнир кестесінде 5-ші орынға түсіп қалды. Ал ұлттық арнаның ақпараттық-сараптамалық дирекциясы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here