А лигасы. Голдан нөсер жауған күн

0
454
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Алаңға алдымен «Қазмедиа А» және «Хабар 24» командалары шықты. Еліміздің басты жаңалық арнасы матчты сәтті бастаған. Әдеттегі дәстүрлері бойынша бірден шабуылға кірісті. Алайда, назардың бәрін шабуылға аударып, қорғанысты мүлдем ұмытып кетіпті. «Қазмедиалықтар» бірден жазасын берді. Хасан Ташенов бастаған жігіттер бірден естерін жиып, тіпті таразы басын да теңестірген. Тіпті, есепте алға шығатын да бірнеше мүмкіндіктері болды. Бірінші тайм 2:3 есебімен аяқталды. Бірақ, бар күштерін сарқып алыпты, үзілістен кейін «Қазмедианың» қарқынды шабуылдарына төтеп бере алмай, голдарды бірінен соң бірін жіберіп алып жатты. Қорытынды есеп – 2:11.

«Elorda aqparat» та оңай жеңіске қол жеткізді. «Qazaqstan» ұлттық арнасымен кездескен елордамыздың басты ақпарат агенттігі қарсыласының үш голына сегіз тура соққымен жауап беріп, «Хабардың» ізін ала жүгірді. Ал Есет Жұбаевтан айрылған «Qazaqstan TV» әзірге жаңа көшбасшысын таппаған секілді. Бұл жауапты міндетті арқалай алатын Асқар Мұхтаров, Жандос Манашев, Данияр Бекжанов, Самат Сыржанов сынды жігіттері болғанымен әзірге ешқайсысы Есеттің орнын баса алмай отыр.

Ал «Хабар» турнир кестесінде жеке-дара көш бастап келеді. Бүгін оларды «Егемен Қазақстан» да тоқтата алған жоқ. Тоқтатқаны былай тұрсын, 3:14 есебімен ұтылды. Шыны керек, таблодағы есептің бұдан да ірі болуы ғажап емес еді. Әйтсе де, «хабарлықтар» жемтігімен ойнаған арыстан секілді ұтымды сәттерде допты қақпаға тебудің орнына бір-бірімен пас алысып жүріп алды.

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here