BAQ league трансферлік кезеңі бекітілді

0
279
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Трансферлік терезе 2019 жылдың 4 наурызында ашылып, наурыздың 8-і күні (сол күнді қоса есептегенде) жабылады.  Яғни, 7-ші және 8-ші турдың ортасы. Осы аралықта командалар құрамдарын күшейтіп, толықтыра алады.

Трансферлік кезеңнің ережесі бойынша командалар өз сапына БАҚ саласының шығармашылық тобының өкілдерін, журналистика факультетінің студенттерін және журналистика факультетінің түлектерін қосуларына құқылы.

Құрамына жаңа ойыншы қосқан командалардың жетекшілері Ұйымдастыру комитетіне мына құжаттарды өткізулері тиіс.

  • Бұрынғы командасынан рұқсатнама (егер ойыншы Журналистер лигасында басқа команданың сапында болса),
  • Өтініш қағазы (еркін түрде),
  • Жеке куәліктерінің көшірмесі,
  • Қызмет куәліктерінің көшірмесі 3х4 сурет (электрондық нұсқада),
  • Студенттік билет көшірмесі (студенттер үшін),
  • Студенттік сынақ кітапшасы (студенттер үшін),
  • Жұмыс орнынан анықтама (ҰК сұрауы бойынша),
  • Еңбек келісімшартының көшірмесі (ҰК сұрауы бойынша)
  • Зейнетақы қорынан анықтама (ҰК сұрауы бойынша)– соңғы үш айға.
  • Диплом көшірмесі (ҰК сұрауы бойынша)
  • Еңбек кітапшасының көшірмесі(ҰК сұрауы бойынша)

BAQ league-ның хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here