BAQ league. «В» лигасының таңдаулы құрамы жасалды

0
334
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Нұрхан ШАРХАНҰЛЫ (Қаламгер)

«Қаламгер» командасы осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұған шабуылдағы Ерсін Ерік пен Ратмир Әубәкірден бөлек, қақпашы Нұрхан Шарханұлының да сіңірген еңбегі зор. Қақпасына бір ғана гол жіберген Нұрхан өзінің мысықша атылған сейвтерімен алғы шептегі әріптестеріне сенімділік сыйлап отырды.

Қорғаушылар – Назар Найзабеков (Qazaq radiolary) – Әділет ҚҰСАЙЫНОВ (Астана ТВ)

Назар Найзабеков пен Елдос Өмірхан келгелі «Qazaq radiolary» командасының ойыны түлеп сала берді. Енді олар қайта бас жүлдеден басты үміткерлердің бірі. Рас, қорғаныс шебінде ойнағанынан шығар, Назар көп гол соғып жүрген жоқ. Алайда, одан өту «National Geographic Qazaqstan» журналының жігіттеріне оңай болмады.

Соңғы екі тур «Астана ТВ» командасы үшін өте ауыр болды. Екеуінде де жеңіске жеткенімен біраз жүйке жұқартуға тура келді. Ал «Қазмедиа В» командасына қарсы ойында Әлішер Өмірзақ пен Ұлан Ақсұлтанов қос голдан соққанымен Әділет Құсайыновтың рөлі жоғарырақ болғаны рас. Қорғаныс шебін толығымен өз мойнына алған Әділет әріптестерін алыс пастармен қамтамасыз етіп отырды.

Шабуылшылар – Бақытжан МАСАҚОВ (Qazaq radiolary) пен Дәурен ЖОЛДАСОВ (Ел арна)

Әлбетте, бұл турда бес голдан соққан сұрмергендер де болды. «Қаламгер» сапындағы Ерсін Ерік пен Ратмир Әубәкірді айтып отырмыз. Алайда, маңыздылығы жөнінен Бақытжан Масақов пен Дәурен Жолдасов соққан голдардың құны жоғарырақ. Бақытжан Масақов турдың орталық кездесуінде «National Geographic Qazaqstan» қақпасына хет-трик жасаса, Дәурен Жолдасов өз командасының 0:3 есебімен ұтылып жатқан жерінен покер жасап, «Ел арнаға» өте маңызды жеңіс сыйлады.

Резерв:

Қақпашы – Мұхтар ТҰРТАЙҰЛЫ (Qazaq radiolary),

Қорғаушылар – Аят ДҮЙСЕМБАЕВ (Ел арна), Алмас ӘЛІБАЕВ (Қазмедиа В),

Шабуылшылар – Ерсін ЕРІК (Қаламгер), Ратмир ӘУБӘКІР (Қаламгер).

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here