BAQ league. «А» лигасының таңдаулы құрамы түзілді

0
579
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Азамат БЕРТИСОВ (Қазмедиа А)

Біз Азамат Бертисовтың әмбебап ойыншы екендігін білеміз. Алаңның кез келген шебінде ойнай біледі. Ал «Elorda aqparat» командасына қарсы кездесуде Азамат қақпаға тұрып, «Қазмедианың» жеңіске жетуіне сүбелі үлесін қосты. Стандартты қақпашылар допты қайтарумен ғана шектеледі ғой, Бертисов өзі де командасының шабуылдарын өрбітіп, командасы жеңіске жетіп жатқанда уақытты тиімді соза білді.

Қорғаушылар – Бақдәулет БЕКСҰЛТАН (Егемен Қазақстан) мен Ершат ҚОЖАТАЕВ (Қазмедиа А)

«Егемен Қазақстан» командасын ес жиды деуге болатын шығар. Солай деп үміттенеміз. Әдетте шашыраңқы жүретін «егемендіктер» «Qazaqstan TV» командасына қарсы ойында өте сауатты ойнады. Ал қорғаныс шебіне Бақдәулет Бексұлтан толығымен жауап беріп, ұлттық арна шабуылдарын мүлдем өткізген жоқ.

Бұрын «Хабарда» үнемі негізгі құрамда ойнайтын Ершат Қожатаев «Қазмедиаға» ауысқалы да өз рөлін жоғалтқан жоқ. Мұнда да бірінші минуттан алаңға шығып жүр. Алайда, шыны керек, жаңа әріптестерінің ойын үлгісіне үйренесе алмай жүргендей көрінген. «Elorda aqparat»-қа қарсы ойында Ершаттың «Қазмедиаға» сіңісе бастағанын байқадық. Ал оның голы осы турдағы ең әдемі шабуылдардың бірі болды.

Шабуылшылар – Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар) пен Азамат ЖАНДАРБЕКОВ (Егемен Қазақстан)

Төрт ойында 7 гол. Былай қарасаң, жаман көрсеткіш емес. Алайда, былтырғы статистикаларымен салыстырсақ, биыл Нұрсұлтан «Джуниордың» добы түзу ұшпай жатқандай көрінетіні рас. Алайда, өте маңызды голдар соғып жүр. «Спорт 59»-ға қарсы кездесуде оның дублі «Хабарға» үлкен көмек болды.

«Егемен Қазақстан» сапында гол соғатын бір ғана ойыншы бар деп ойласаңыз, қателесесіз. Еркебұлан Жомарттан бөлек, Азамат Жандарбеков те ойын тізгінін өз қолына ала алады. Қорғаушылардың барлығы Еркебұланды аңдып жүргенде Азамат ұлттық арна қақпасына екі гол соғып кетті.

Резерв:

Қақпашы – Берік ШӘПЕТОВ (Егемен Қазақстан),

Қорғаушылар – Бимухамед БУКЕЕВ (Хабар), Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар),

Шабуылшылар – Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа А), Нұрмұхамед БАЙСҮГІРОВ (Спорт 59).

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here