«А» лигасы. «Хабар» жеке-дара көш бастады

0
382
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Алаңға алдымен «Спорт 59» бен «Хабар» командалары шыққан. Төрт дүркін чемпиондарға қарсы төрт құбыласы тең шыққан «Спорт» газетінің командасы қызық тактика ұстанды. Алдымен алаңға қосалқы құрамдағы жігіттерін шығарып көрді. Қарсыласынан мұндай «акробатикалық трюкті» күтпеген «хабарлықтар» аздап абдырап қалды. Тек Фархад Әмреновтің голынан кейін ес жиған Нұрсұлтан Құрман бастаған жігіттер ойын тізгінін ақырындап өз қолына ала бастады. Айтпақшы, таразы басын теңестірген де осы капитанның өзі. «Том мен Джерри» мультфильміндегідей алма-кезек шабуылдармен өрбіген кездесуде «Спорт 59» «Хабардың» ұпайын тартып алуға жақын болған. Алайда, тәжірибе жетпеді. Бимухамед Букеев пен Нұрсұлтан Қабылбек дубльдан жасап, Нұрсұлтан Құрман мен Сапарғали Қанаттың голдарына гол қосты да, матч 6:4 есебімен аяқталды.

Ал бұған дейін екі кездесуінде де жеңіске жеткен «Elorda aqparat» командасына бір апталық демалыс кесірін тигізген секілді. Әлде, қарсыласы қарымды болды ма?.. «Қазмедиа А» командасымен кездескен. Есепті бірінші болып ашқанымен Ғалым Қожабеков шәкірттері қарсыластарының қарқынды шабуылдарына төтеп бере алмады. Екі гол соққанымен «қазмедиалықтар» олардан екі есе артық доп тоғытты.

Кішігірім сенсация. Осылай деуге де болатын шығар. Өйткені, қатарынан үш кездесуде жеңілістің кермек дәмін татып, әр ойында қақпаларына орта есеппен тоғыз голдан жіберген «Егемен Қазақстан» газетінің командасы «Qazaqstan» ұлттық арнасынан 4:1 есебімен басым түсті. Айтпақшы, бұл кездесуде де есепті жеңілген команда ашты. Алайда, Есет Жұбаевтың голынан кейін ұлттық арна командасы өздеріне тым қатты сеніп кетті ғой деймін, дер кезінде ес жиған «егемендіктердің» шабуылдарына төтеп бере алмай жатты. Иә, Дархан Қыдырәлі бастаған команда еңсе тіктей бастаған секілді. Солай деп сенеміз. Әйтпесе, былтыр ғана вице-чемпион болған команданы бір маусымның ішінде аутсайдерге айналып кетті деуге қимайсың…

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here