Өткен аптада «Бұл қай жұлдыз?» жобасы қолға алынған. Алғашқы байқауда танымал жайдарманшы, көпшілікке «Түнгі студия» бағдарламасының со-жүргізушісі болуымен танылған, бүгінде «Qazaqstan» ұлттық арнасы мен «Тамаша» телеарналарында редакторлық қызмет ететін Данияр Бекжановтың бала кезгі суретін ұсынған болатынбыз. Әлбетте, алғашқы байқау болғандықтан қатысқандар саны аса көп болмады. Дегенмен, жазба астына 50-ге жуық пікір түсті. Бір қызығы, дәл тапқаны төрт-ақ адам, ал байқаудың шарттарын толық орындағандары тек үшеу ғана. Сол үш қатысушының арасында тікелей эфирде «рандом» жүйесі бойынша ұтыс ойнатылып, «Алғашқы түлектер кубогы» КВН концертінің екі билетін Фариза Жанадиловна есімді инста тұтынушы жеңіп алды. Енді жеңімпазға сыйлықты сурет авторы, яғни Данияр Бекжановтың өзі БАҚ лиганың 4-ші туры кезінде табыстайтын болады.
Аталмыш байқау дәстүрлі түрде жүргізіліп отырады. Сондықтан, белсенді болуларыңызды сұраймыз. Сіз де жұлдызды журналистің қолынан сыйлық ұтып алуыңыз әбден мүмкін.
BAQ league бесінші маусымының серіктестері:
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.