№1.
BAQ league Регламентіне сәйкес, «ДИАП Qazaqstan» – «Ел арна» ойыны алдында матч хаттамасын дұрыс толтырмағаны үшін «ДИАП Qazaqstan» командасына 3 АЕК көлемінде (7525 тг) айыппұл салу туралы шешім шығарылды.
Шешім 2019 жылдың 1 ақпанында күшіне енеді. Айыппұл 2019 жылдың 11 ақпанына дейін (сол күнді қоса есептегенде) төленуі тиіс.
№2.
«Qazaq radiolary» – «Астана ТВ» ойыны кезінде қарсыласын қасақана баспен ұрғаны үшін «Qazaq radiolary» командасының ойыншысы Бекнұр Нұрмағанбетке (№10) 5 (бес) ойынға дисквалификация беріліп, 3 АЕК көлемінде (7525 тг) айыппұл салу туралы шешім қабылданды. Бес матчтық дисквалификацияның екі ойыны іс жүзінде, үшеуі шартты сынақ түрде өтеледі. Егер сынақ мерзімінде тағы бір тәртіп бұзушылық тіркелсе, ойыншы 6 (алты) айға алаңнан шеттетіледі.
Шешім 2019 жылдың 1 ақпанында күшіне енеді. Айыппұл 2019 жылдың 11 ақпанына дейін (сол күнді қоса есептегенде) төленуі тиіс.