ҚАҚПАҚЫЛ ЭСТАФЕТА. Спорт журналистері шеберліктерін доппен дәлелдеді

0
487
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

«Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжаннан эстафета қабылдаған «National Geographic Qazaqstan» журналы бас редакторының орынбасары Арай Ізбай допты жерге түсірмей, 44 рет тепті.

– Міндетімді әупірімдеп жатып орындадым. Жасыратыны жоқ, дегеніме жету үшін біраз тер төгуге тура келді. Финттің жөні бөлек екенін де кеше түсіндім. Баланс пен сабыр екен қақпақылдың ажырамас бөлігі. Қатарынан бірнеше рет 40-қа жеткізіп допты түсіріп алып жатқанда, қолды бір-ақ сілтеуге аз қалдым. Намыс жібермеді! Ақыр аяғында 44-ті ұрдым. Видеодан ентіккен дауысымды да байқауға болады. Он шақты дубльден кейін оператордың да қолы шаршап, үміті үзілсе керек, видео «үзік-үзік» шықты, деді бұл жайлы Арай Ізбай.

Ол эстафетаны «QAZSPORT» телеарнасының редакторы Ермек Төрениязов пен танымал спорт журналисі Амангелді Сейітханға жолдады.

Сондай-ақ, «Қақпақыл эстафетасын» бастаманың авторы Нұрбек Түсіпханның өзінен қабылдаған Алмас Найманбай «сәлемдемесін» шымкенттік Дастан Баширов пен Астанадағы Әзиз Жұмаділге ұсынды.

Ал Жанарбек Әшімжаннан «тараған» Есей Жеңісұлы допты 42 рет тепкеннен кейін эстафетаны Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли мен “Аладоп” сайтының бас редакторы Ермұхамед Мәуленге жолдады.

– Қарын алға, дарын артқа кетіп, қадалып қимылсыз отырып жүріп, ләңгіші өнерімізді біраз қарайтып алыппыз. Әйтеуір тырысып бағып, Жанарбектің көрсеткішінен біреу асып түстік, 41-ден 42-ге жеткіздік. 17, әлде 27 дубль жасадық. Енді эстафетаны қабылдап алатын азаматтарға бір ұсыныс: эстафетаны ұсынушыдан бір рет қана артық тепсеңіздер. Сонда мейлінше көп адам қатысады. Әйтпесе бірден 50 рет тебу кім-кімге де қиын болар, – деді Есей Жеңісұлы.

Көп ұзамай Ермұхамед Мәулен де видеосын көпшілікке көрсетіп, кезекті «Хабар» телеарнасының бағдарламалар жүргізушісі Нұрсұлтан Құрманға берді.

Айта кетейік, «Қақпақыл эстафетаға» бүгінге дейін Нұрбек Түсіпхан, Жанарбек Әшімжан, Арай Ізбай, Алмас Найманбай, Есей Жеңісұлы және Ермұхамед Мәулен қатысты.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here