«В» лигасы. Екінші турдың таңдаулы құрамы түзілді

0
296
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Дмитрий ПОКИДАЕВ (Астана ТВ)

Екі туры артта қалған қысқы маусымда қақпасына гол жібермеген жалғыз ғана қақпашы қалды. Ол – Дмитрий Покидаев. Рас, «Qazaq radiolary» командасына қарсы кездесу «Астана ТВ» үшін оңай болған жоқ. Бірақ бұл жолы да Покидаев қақпасына доп дарытпады.

Қорғаушылар – Мирас ҚАЙЫРХАН (Қазмедиа В) мен Әділет ҚҰСАЙЫНОВ (Астана ТВ)

Бұған дейінгі екі маусымда қақпа күзетіп келген Мирас Қайырхан алаңдағы орнын енді тапқан секілді. Қорғанысқа ойысыпты. Дегенмен, шабуылға да сәтімен қосыла алатын қабілеті бар екен. «Мазмұндама» қақпасына дубль жасап, бірінші таймнан кейін тең түсіп жатқан командасына серпін берді.

Дәл қазіргі ойындарымен «Астана ТВ» «А» лигасында ойнауға лайық командалардың қатарында. Ал осындай команданы өрге сүйреп жүрген Әділет Құсайынов әр матч сайын өз шеберлігін алаңда дәлелдеуде. Екінші турда матч үздігі атанды.

Шабуылшылар – Дәурен ЖОЛДАСОВ (Ел арна) пен Мәді ҚҰДАЙБЕРГЕН (National Geographic Qazaqstan)

«В» лигасында ұпай жоғалтпаған «Астанадан» бөлек тағы бір команда бар. Құрамы өте қарымды. Әр ойыншысы сайдың тасындай іріктелгей жайсаңдар. Кез келгені ойын тағдырын өз қолына алуға әзір. Бұл жолы көшбасшылық қасиетін шабуылшы Дәурен Жолдасов танытты. Ал «National Geographic Qazaqstan» журналының командасы бірінші турдағы тең ойыннан кейін есін енді жиды. Қарсыласы да қолайлы екен, қақпасына жауапсыз алты гол соқты. Бәрін де атап өтуге болатын шығар, алайда таңдаулы құрамды өзі де гол соғып, әріптестерінің де көзге түсуіне жағдай жасаған Мәді Құдайбергенмен қорытындылауды жөн көрдік.

РЕЗЕРВ:

Қақпашы – Жасын БІРКЕНОВ (Ел арна),

Қорғаушы – Арай ІЗБАЙ (NGQ), Асқат ҚАРАҚОЙШИЕВ (Ел арна),

Шабуылшылар – Ұлан АҚСҰЛТАНОВ (Астана ТВ), Дарын ШЕҢГЕЛБАЙ (Астана ТВ).

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here