«А» лигасы. Екінші турдың таңдаулы құрамы жасалды

0
315
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Азамат НҰРМАТОВ (Elorda aqparat)

Турда үш ойын өткен болса, үшеуінің де басты қаһарманы қақпашылар болды. Сондықтан, таңдау жасаудың қиынға соққаны рас. Мәселен, «Спорт 59» командасына қарсы кездесуде Ұлттық арна қақпасына екі пенальти белгіленді. Саят Сабырбаев соның біреуін қайтара алды. Сенсация тіркелген кездесуде «Elorda aqparat» кипері Азамат Нұрматов бірнеше тамаша сейв жасап, өзі де бір гол соқты. Ал «Егемен Қазақстанға» қарсы кездесуде қақпасына төрт гол жіберіп алғанына қарамастан «Хабар 24» кипері Аян Омарқұлов бір пенальти қайтарып, матч үздігі атанды. Дегенмен, үш адам бір қақпаға артық болады. Бұл жолғы таңдауымыз осындай.

Қорғаушылар – Есет ЖҰБАЕВ (Qazaqstan TV) пен Елтай НҰРҒАЗИН (Elorda aqparat)

«Qazaqstan TV» командасы үшін маусым сәтті басталды. Бірінші турда фурор жасаған «Спорт 59» командасын 4:1 есебімен тізе бүктірген Ұлттық арнаның басты жеңіс факторы деп Есет Жұбаевты айтуға болатын шығар. Ал Елтай Нұрғазин қатарынан екінші кездесуде матч үздігі атануда. Бірінші турда «Егемен Қазақстанды» жеңуге көмектескен капитан бұл жолы «хабарлықтарды» қорғанысынан аттап өткізбеді.

Шабуылшылар – Еркебұлан ЖОМАРТ (Егемен Қазақстан) пен Қанат ТАКИРОВ (Хабар 24)

Покер жасап тұрып командаң ұтылып қалса, бұдан асқан өкініш жоқ шығар. «Хабар 24»-ке қарсы кездесуден кейін Еркебұлан алаңнан дәл осындай күйде қайтты. Ал «Қазмедиадан» «Хабар 24»-ке ауысқан Қанат Такиров командасын дәл тапқан секілді. Бірінші турда аздап үйренісе алмай жүргендей көрінген. Бірақ, бұл жолы дубль жасап, «Қызыл сойқандардың» жеңісіне сүбелі үлесін қосты.

Резерв:

Қақпашы – Саят САБЫРБАЕВ (Qazaqstan TV),

Қорғаушылар – Нүркен ЖАМБАЕВ (Elorda aqparat), Самат СЫРЖАНОВ (Qazaqstan TV),

Шабуылшылар – Бауыржан ҚОШАНОВ (Хабар 24), Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (Хабар).

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here