BAQ league. «Хабардың» қамалын бұзған «Elorda aqparat» сенсация жасады

0
426
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Шыны керек, «Хабарды» ұту БАҚ лигадағы барлық команданың арманы. Кімнен сұрасаң да, қай журналистпен әңгімелессең де, алдымен осы нәрсені айтады. Иә, расымен де солай. «Хабар» – Чемпиондар лигасындағы «Реал», Бундеслигадағы «Бавария», А сериясындағы «Ювентус» секілді. Соңғы кездері тізгінді ешкімге бермей келеді. Сондықтан да шығар, БАҚ лигадағы командалардың дерлігі «чемпион болмасақ, болмай кетейік, бірақ, қалай да «Хабарды» ұтуымыз қажет» дейтін болған. Нұрсұлтан Құрманның командасынан үш ұпай алса болды, басқа нәрсеге бас ауыртпай кетеді. «Elorda aqparat» та чемпиондарды жеңдік екен деп дандайсып кетпесе болғаны. Өйткені, маусым ұзақ, ойын көп. Егер алдағы матчтарда ұпай жоғалтар болса, біріншілік соңында бұл жеңістің маңызы болмай қалуы да ғажап емес. Ал бүгіндікке Ғалым Қожабеков шәкірттері жарады. Былтыр ғана «В» лиганы бағындырып, үздіктер қатарына өткен «Elorda aqparat» бірінші турда «Егемен Қазақстанды» ойсырата жеңген. Бірақ бүгін «Хабардың» қамалын бұзады деп әсте ойламап едік. Тіпті, ойынның екінші минутында Мәди Ысқақов кенеттен гол соғып кеткенде де, селт еткендер аз болды. Себебі, жаны сірі «хабарлықтар» кез келген сәтте ойын тағдырын түбегейлі өзгертіп жібере алады. Бұған біз талай көз жеткізгенбіз. Алайда, «Elorda aqparat» еш сыр бермеді. Сол ойынын жалғастыра берді. Қорғаныста сауатты ойнап, тек қарымта шабуылдарға иек артты. Бірінші тайм 2:1 есебімен аяқталып, жеңіліп жатқан «хабарлықтар» қарқындарын тіптен күшейте түсті. Қорғанысты ысырып тастап, тайлы-тұяғымен шабуылға көшті. Бірақ әшейінде тепкен добы «тоғыздықтан» табылатын Нұрсұлтан Қабылбектің ойыны жүрмеді. Бимухамед Букеевтің де доптары биік ұшып жатты. Сапарғали Қанаттың алаңда жүргенінен қосалқы құрамда отыруы көп болды. Шабуылға көмектеспесе болмайтынын түсінген Нұрсұлтан Құрман да қорғанысты ұмытып кетті. Мұның барлығын «Elorda aqparat» ойыншылары жақсы сезді. Әсіресе, қақпашысы Азамат Нұрматов. Қарсыластың кезекті соққысын қақшып алған қақпашы қарсы алдында ешкімнің жоқтығын пайдаланып, допты алдына тастады да, алға атой салды. Алаң ортасына жетіп, Игитаның мәнерінде гол соққан Нұрматов «Elorda aqparat»-қа керемет жеңіс сыйлады. Ал Аян Әбдуәлидің голы тартысты матчқа тамаша нүкте болды.

Маусымды жарқын жеңіспен бастаған «Qazaqstan TV» командасы да 100 пайыздық көрсеткішке ие. Бүгін «Спорт 59» ойыншыларымен кездескен ұлттық арна журналистері қарсыластарының бір голына төрт тура соққымен жауап берді. Шыны керек, бірінші турда «Хабар 24» командасын ойсырата жеңген Бек Төлеудің марғасқалары маусымның басты фавориттері секілді көрінген. Жорғадай желіген жігіттердің доп тебістері көз сүйсіндірген. Сөйтсек, оның барлығы жай ғана иллюзия екен. Жасындай жарқ еткен команданы ұлттық арна ұландары өз орнына қойды.

Ал былтыр «В» лигасында екінші орын алып, «А» лигасына көтерілген «Хабар 24» алғашқы сәтсіздіктен сабақ алып, өткен маусымның вице-чемпионы «Егемен Қазақстанды» 6:4 есебімен тізерлетті. «Егемендіктерді», тіпті Еркебұлан Жомарттың покері құтқара алған жоқ. Негізі, Еркебұланның төрт емес, он шақты гол соғатын мүмкіндігі болған. Алайда, тамаша сейвтерімен командасына сенімділік сыйлап отырған «Хабар 24» қақпашысы Аян Омарқұлов осы ойынның нағыз қаһарманы атанды. Сондай-ақ, Аян «Егеменнің» тағы бір үздігі Бақдәулет Бексұлтанның пенальтиін де қайтарды. Қорытынды есеп 6:4.

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here