Тәртіптік-бақылау комитеті. Екі командадан басқасына қатаң ескерту жасалды

0
305
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

№1.

BAQ league Регламентіне сәйкес, гетры түстерінің әркелкілігі үшін «ДИАП Qazaqstan» және «Хабар 24» командасына, сондай-ақ, аяқсауыттың (щитки) болмауына байланысты «Хабар» және «Қаламгер» командаларына қатаң сөгіс жарияланып, 27 қаңтарға дейін форма мәселесі ретке келтіру туралы шешім шығарылды.

№2.

BAQ league Регламентіне сәйкес, Бесінші маусымның қатысу жарнасын мерзімінде төлемегені үшін «Qazaq radiolary», «Qazaqstan», «Казмедиа В» «Қаламгер», DIAP Qazaqstan», «Мазмұңдама», «Астана ТВ», «Казмедиа А», «Егемен Қазақстан», «Спорт 59» және «Elorda aqparat» командаларына қатаң сөгіс жарияланып, қатысу жарнасы Регламентте көрсетілген соммаға сәйкес, 04.02.2019 ж. дейін (сол күнді қоса есептегенде) төленсін. Аталмыш мерзімнен кешіктірілген жағдайда турнир кестесіндегі 3 ұпайынан шегеру туралы шешім қабылданды.

№3.

«Егемен Қазақстан» командасының аппеляциялық өтінішіне сәйкес, «Егемен Қазақстан» командасының ойыншысы Еркебұлан Жомарттың төрт матчтық дисквалификациясының мерзімі шегеріліп, қалған дисквалификациясын сынақтық мерзім түрде өтеу туралы шешім қабылданды. Сынақ мерзімнің уақыты 6 (алты) ай. Егер осы аралықта ойыншы BAQ league Регламенті мен АФФ Тәртіптік регламентіндегі ережелерді бұзып, дисквалификациялық жаза алар болса, онда BAQ league аясындағы турнирлерден 1 (бір) жылға шеттету туралы шешім шығарылды.

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here