«А» лигасы. Бірінші турдың таңдаулы құрамы жасалды

0
405
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы:

Айбек ҚАБЫЛША (Хабар)

Соңғы кездері Айбек Қабылшаның «Хабардағы» жағдайы жақсы болмай жүр. Бұған дейінгі бір-екі турнирде негізгі құрамынан айрылып қалғаны да бар. Дегенмен, Журналистер біріншілігінің бірінші турында Айбек өзінің әлі де №1 екенін тамаша сейвтерімен дәлелдеді. «Қазмедиа» ойыншыларының толассыз шабуылдарына төтеп беріп, әріптестерін қақпаға алаңдамай алға атойлауына мүмкіндік жасады. Иә, Қабылшадай тасқамал қақпашысы тұрғанда «хабарлықтардың» басқа киперге көз салулары, шынымен де кейде ақылға сыймайды.

Қорғаушылар:

Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар) мен Елтай НҰРҒАЗИН (Elorda aqparat)

«Қазмедиа» командасы биыл біраз күшейген. Бұрын да осал емес болатын. Бірақ, Құмарбек Азаттың қасына былтыр ЦАИ МИК РК командасының намысын қорғаған Абдулла Төкенов, Төреби Нұрланов, Абылай Тұрлыбеков, Ер-Ұлан Нұрланов сынды мықтылар қосылды. Алайда, «Хабарға» қарсы кездесуде Нұрсұлтан Құрманнан айналып өту оңай болған жоқ. Матч соңына таман капитанның өзі де гол соғып, матчтағы сыбағасын алды.

Ал «Егемен Қазақстан» шабуылшыларының тауын шаққан Елтай Нұрғазин болды. Расымен де, «Elorda aqparat» капитанынан допты алып қою өте қиын. Алаңдағы төрт ойыншыны да алдап өтуің мүмкін, бірақ, Елтайды айналып өте алмайсың. Бұған бірінші турда «егемендіктер» әбден көз жеткізді.

Шабуылшылар:

Мәди ЫСҚАҚОВ (Elorda aqparat) пен Нұрмұхамед БАЙСҮГІРОВ (Спорт 59)

Мәди Ысқақовты көп қорғаушылар көзге іле бермейді. Кез келген шептен гол соғып кете алатын қабілеті бар 77-ші нөмірлі шабуылшыдан абай болу керектігін бірінші турда «Егемен Қазақстан» ойыншылары да түсінбеді. Нәтижесінде, Мәди хет-трик жасап, бірден сұрмергендер тізімінен орын алды.

Шабуыл шебіндегі тағы бір орынды «Спорт 59» ойыншысы Нұрмұхамед Байсүгіровке бердік. Жалпы, Бек Төлеудің селекциялық жұмыстарына кейде тамсанасың. Сапарғали Қанат, Бейімбет Молдағали сынды үздіктерді көпшілікке таныстырған ол бұл жолы Қарағандыдан Нұрмұхамед Байсүгіровті алдыртты. «Қасым» журналының тілшісі, әрі айтыскер ақын БАҚ лигадағы алғашқы матчында-ақ пента-трик жасап, көпшілікті таңғалдырды.

Резерв

Қақпашы: Азамат НҰРМАТОВ (Elorda aqparat),

Қорғаушылар: Ербол КЕНЖЕБАЕВ (Спорт 59), Бимухамед БУКЕЕВ (Хабар),

Шабуылшылар: Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар), Абдулла ТӨКЕНОВ (Қазмедиа).

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here