«В» лигасы. Бірінші турдың таңдаулы құрамы жасалды

0
393
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы:

Дмитрий ПОКИДАЕВ (Астана ТВ)

«Жақсы қақпашы вино секілді, уақыт өткен сайын құндылығы арта береді» деген сөз бекер айтылмаған екен. Дмитрий Покидаевтің бабында екенін «ДИАП Qazaqstan» командасына қарсы ойында тағы бір көз жеткіздік. Әйтпесе, Ермұхамед Мәулен, Мейірлан Раханов, Ерлан Атамбай сынды саңлақтар талай қақпашыны сан соқтырып жүрген саңлақтар ғой. Бірақ, «Астана» қақпасынан сол күйі саңылау таппай кетті.

Қорғаушылар:

Марғұлан ИБРАЕВ (Қазмедиа) пен Бекнұр НҰРМАҒАНБЕТ (Qazaq radiolary)

Бір емес, екі командаға иелік етіп отырған Марғұлан Ибраев өзіне команда таңдауда көп ойланды. Ақыры соңғы сәтте «Қазмедиа В» командасының намысын қорғауды жөн санаған. Қателеспепті. «National geographic Qazaqstan» журналының жігіттеріне қарсы кездесуде Марғұланның негізгі құрамды сағынып қалғанын байқадық. Өте белсенді болып, әріптестерін шабуылға жетелеумен болды.

Ал «Qazaq radiolary» командасы үшін маусым сәтсіз басталды. «Мазмұндамаға» қарсы кездесуге командасы толық жиналмай, кем құраммен қарсы тұруға мәжбүр болды. Текетіреске толы ойында 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Иә, бұл Радио капитаны Бекнұр Нұрмағанбет үшін үлкен сынақ еді. Бірақ, жігерлігін осы ойында көрдік. Жеңіліп жатса да, соңына дейін айқасып, соңғы күштері сарқылғанша қарсы тұрды. Оның энергиясы әріптестеріне де беріліп, «Qazaq radiolary» азулы римдіктерге қарсы тұрған әйгілі «спартандықтарды» көзге елестетті.

Шабуылшылар:

Ұлан АҚСҰЛТАНОВ (Астана ТВ) пен Еркебұлан ШУАШОВ (Ел арна)

Кезінде «Жетісу» футбол клубында тәлім алған Ұлан Ақсұлтанов журналистика болмағанда бүгінде кемі Премьер-лигада доп тебетін футболшы болар еді. «ДИАП Qazaqstan» қақпасына покер жасаған Ұлан әлі талай қақпашының қорқынышты түсіне кіретін шығар.

Ал БАҚ лигаға жаңа қосылған «Ел арна» биыл құрамын әбден күшейтті. Алайда бірінші турда «ел арналықтардың» арасында ерекше көзге түскені Еркебұлан Шуашов болды. «Қаламгер» қақпасына дубль жасаған Еркебұлан командаластарына гол соғатын мүмкіндіктер жасап берді.

Резерв

Қақпашы: Мұхтар ТҰРТАЕВ (Qazaq radiolary),

Қорғаушылар: Еркін ШӘКІР (Мазмұндама), Еламан ЖАРҚЫНБЕК (Қазмедиа),

Шабуылшылар: Бақытжан МАСАҚОВ (Qazaq radiolary), Әлішер ӨМІРЗАҚ (Астана ТВ).

BAQ league бесінші маусымының серіктестері:

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here