Осыған орай, бүгін елордамызда команда өкілдерінің қатысуымен алқа-қотан жиын өтіп, алғашқы турдың ойындары белгілі болды. Біріншілік өткен маусымда қалыптасқан дәстүр бойынша екі Лигаға бөлінеді. «А» лигасындағы командалар чемпиондыққа таласса, «В» лигасының командалары Жоғарғы топтың жолдамаларын сарапқа салмақ. «А» лигасында 7, «В» лигасында 8 команда бақ сынамақ.
Естеріңізге сала кетейік, Журналистер лигасының төрт дүркін чемпионы «Хабар» командасы. Сондай-ақ, «Хабар» Журналистер кубогының екі дүркін жеңімпазы. Жалпы, БАҚ лигада Астанадан бөлек, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Павлодар қалаларының журналистерін қосқанда барлығы 300-ге жуық БАҚ өкілдері қатысады.
Ал БАҚ лиганың бесінші маусымы толығымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен өтеді.
BAQ league бесінші маусымының серіктестері:
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “Qazsport” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatin” ағылшын тілі орталығы,