Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің аясында ұйымдастырылатын Журналистер лигасының бесінші маусымы Назарбаев университеттің Спорт кешенінде өтеді. Оған Бұқаралық ақпарат құралдарының барлық шығармашылық өкілдері қатыса алады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі төрт маусымда да BAQ league біріншілігінде “Хабар” командасы чемпион атанған. Сонымен қатар, аталмыш команда Журналистер кубогының да екі дүркін жеңімпазы.
Өтініштер 2019 жылдың 8 қаңтарына дейін қабылданады.
Барлық сұрақтар бойынша көрсетілген нөмірге хабарласуларыңызға болады: +7 777 734 88 10 (Әзиз Жұмаділ)
BAQ league IV маусымының бас серіктесі – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.
Бізді қолдағандар:
Астана футбол федерациясы,
Астана халықаралық қаржы орталығы
Серіктестер:
Qazsport телеарнасы,
“Астана” ФК,
Life football спорт дүкені,
All Brands спорт дүкені,
Mammas’ Pizza пиццериясы.