Буратиноның бәсекелестері немесе «В» лигасының «таңдаусыз» құрамына кімдер кірді

0
361
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Ұлан ТӨЛЕУХАНОВ (Qazaqstan TV)

Резерв – Қуандық ӘЛІМЖАНОВ (Elorda aqparat)

Ұлан Төлеуханов талантты шоумен немесе мықты монтажер шығар, бірақ Qazaqstan қақпасында биыл өзін жақсы жағынан көрсете алған жоқ. Рас, көптеген қауіптердің бетін қайтарды. Алайда, маңызды матчтарда Төлеухановқа әріптестері сенім арта алмай қалды. Мәселен, Журналистер кубогының ширек финалында «Sportinform»-нан жеңілгенде және «А» лигасына өтуге мүмкіндік беретін електік кезең ойынында Ұлан мүлдем ойынға келген жоқ.

Ал былтыр жазда «Elorda aqparat» командасының негізгі қақпашысы болған Қуандық Әлімжанов биыл 1-ші нөмірден айрылып қалды. Бұл жауапты міндетті агенттік жетекшілері Азамат Нұрматовқа сенім тапсырды. Дегенмен, Азамат жоқта да Әлімжановтің негізгі құрамға іліге алмай қалуы көбірек болды.

Қорғаушылар – Досбол ТАЛАП (Sportinform) пен Асқат ОМАРОВ (Еуразия+ОРТ)

Резерв – Әлібек МІРҚАСЫМОВ (Қаламгер) – Ержан ӘМІРХАНОВ (Sportinform)

Бір маусымда өз қақпасына бір емес, екі автогол соққан ойыншыны құрамға қалай қоспайсың? Ал осы жазда шаңырақ көтерген «Еуразия+ОРТ» капитаны Асқат Омаров маңызды матчтарда командасына тіреу бола алған жоқ.

Резервте Әлібек Мірқасымов пен Ержан Әмірханов. Алғашқысы үшін маусым сәтті өтті деуге келмейді. Үлкен үміт арқалаған Әлібек көбіне қосалқы құрамда отырып қалып жатса, командасына трансферлік кезеңде қосылған Ержан Әмірханов «Sportinform» сенімін ақтай алған жоқ.

Жартылай қорғаушы – Марат ТУКАТОВ (Хабар 24)

Резерв – Асқар ТУРЛИН (Sportinform)

Өткен маусымдарда «Хабар 24»-тің басты шабуылшыларының бірі болған Марат Тукатов биыл аздап шау тартқандай көрінді. Әлде, шетелде көп қыдырғандықтан бабында болмады ма, әйтеуір тепкен доптары қақпаға бармай, әбден терледі.

Ал Асқар Турлиннің ойнағанынан гөрі жарақат алып, алаң жиегінде қалып қоюы көп болды.

Шабуылшылар – Ермұхамед МӘУЛЕН (Қаламгер) мен Аян ӘБДУӘЛИ (Elorda aqparat)

Резерв – Саламат БЕЙСЕ (Qazaqstan TV) мен Ерден ҚҰСПАНОВ (Еуразия+ОРТ)

Трансферлік терезе кезінде «А» лигасындағы «Егемен Қазақстаннан» ауысып келген Ермұхамед Мәуленге «қаламгерліктер» үлкен үміт артқан. Алайда, бойшаң шабуылшыны өздері дұрыс пайдалана алмады ма, әлде өзі жаңа әріптестеріне сіңісіп кете алмады ма, әйтеуір, Златанның Қазақстандағы «бауыры» өз әлеуетін толық паш ете алмады. Сол сияқты, өткен маусымда голдарды қап-қабымен соққан «Егеменнің» тағы бір экс-шабуылшысы Аян Әбдуәли де «Elorda aqparat»-та көсіле шаба алмады. Керісінше, қосалқы құрамда отырып қалуы жиі болды.

Ал Саламат Бейсе болашақта өзін жақсы қырынан көрсете алатын ойыншы. Бәлкім, бұл маусымды сәтсіздікке жатқызған дұрыс шығар. Дегенмен, Ерден Құспановтың тым нашар ойнауының себебін түсінбедік. Былтыр «Еуразия+ОРТ» командасының үздігі болған шабуылшыға жауапкершіліктің жүгі тым ауырлық еткен секілді.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here