Қақпашы – Дмитрий ПОКИДАЕВ (ЦАИ МИК РК)
Резерв – Айбек ҚАБЫЛША (Хабар)
Команда капитандары мен жетекшілерінің дауыс берулерінің нәтижесі бойынша, биыл Журналистер біріншілігінің үздік қақпашысы болып «Атамекен» телеарнасының журналисі Дмитрий Покидаев танылды. Өткен жылы да жазда солай болатын. Жалпы, Дмитрий Покидаев паркеттен гөрі қақпада жасыл алаңда жақсы тұрады. Биыл ЦАИ МИК РК командасының үздік үштіктен көрінуі көп жағдайда осы кипердің арқасы.
Ал резервте Айбек Қабылша. Журналистер біріншілігінің бірінші маусымында үздік болған голкипер содан бері сол атағына қол жеткізе алмай жүр. Дегенмен, биыл BAQ league-да ең аз гол жіберген команда Айбектің ұжымы.
Қорғаушылар – Ершат ҚОЖАТАЕВ (Хабар) пен Дидар МҰХАМЕТҚАЛИЕВ (ЦАИ МИК РК)
Резерв – Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар) мен Ермек ТӨРЕНИЯЗОВ (Егемен Қазақстан)
Ершат Қожатаев осымен үшінші маусым қатарынан үздік қорғаушы атанып отыр. Расымен де, қарсыластың алдындағы допты аяғымен қоса жұлатын қорғаушы. Осы маусымда да өте сауатты ойнап шықты. Ал Ершаттың қасына ЦАИ МИК РК командасындағы Дидар Мұхаметқалиевті қоюға әбден болатын секілді. Екеуінің тандемі талай шабуылшыны аяқтан айырар еді.
Дауыс беру нәтижесінің қорытындысы бойынша Қожатаев пен Мұхаметқалиевтен кейінгі орындарға «хабарлық» Нұрсұлтан Құрман мен өткен маусымды «Егемен Қазақстанда» өткізген Ермек Төрениязов орналасты. Екеуі де харизмасы тасып тұрған лидерлер және жеңісті ұран еткен рухты жігіттер.
Жартылай қорғаушы – Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа)
Резерв – Дәурен ЖОЛДАСОВ (ЦАИ МИК РК)
Қысқы маусымда үздік ойыншы атанған Құмарбек Азат жазғы біріншілікте де үздік атанды. Рас, командасы «Қазмедиа» үздік үштіктен қалыс қалып қойды. Алайда, командадағы ойыншыларының барлығы Құмарбек сияқты болса, онда ҚМО әлдеқашан чемпион болар еді.
Қосалқы құрамда Дәурен Жолдасов бар. Рас, кейде алаңда тым өзімшілдікке салынып, әріптестерін көрмей кететін кездері де кездеседі. Дегенмен, Дәуреннің голдары министрліктің командасына талай ұпай әпергені анық.
Шабуылшылар – Бимухамед БУКЕЕВ (Хабар) пен Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар)
Резерв – Жандос МАНАШЕВ (Асыл арна) пен Еркебұлан ЖОМАРТ (Егемен Қазақстан)
Шабуыл шебін толығымен «хабарлықтарға» беруге болатын шығар. Нұрсұлтан Қабылбек 19 гол соққан, Букеев 9 голдың авторы. Сәйкесінше, «Хабар» осы маусымда ең көп гол соққан команда.
Резервте Жандос Манашев пен Еркебұлан Жомарт. Өткен маусымда «ДИАП Qazaqstan» намысын қорғаған Жандос «Асыл арнаның» шабуылын әжептеуір күшейтті. Ал егер дисквалификациялары болмағанда, Еркебұлан Жомарт үздік шабуылшы ғана емес, үздік ойыншы атануы да әбден мүмкін еді.