”В” лигасының барлық жүлдегерлері анықталды

0
347
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

«В» лигасының соңғы туры өтіп, «А» лигасына тікелей жолдама алған екі команда мен електік кездесу арқылы бағын сынайтын тағы бір ұжым анықталды.

Elorda aqparat, «Хабар 24» және Qazaqstan TV – міне, «В» лигасының биылғы үздіктері осылар. Негізі, біріншілік жеңімпазы соңғы турға дейін-ақ белгілі болып қойған. Дегенмен, 2-ші орыннан бірден үш команда үмітті еді. «Хабар 24» пен Qazaqstan TV командасынан бөлек, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Баспасөз қызметі де күміс жүлдеден үмітті еді. Екінші орынның тағдыры «Хабар 24» пен «ҚМДБ Баспасөз қызметі» арасындағы ойында шешілді. «Хабарлықтар» ойынды өте сенімді бастап, Асқат Қарақойшиевтің тура соққысы арқасында жылдам гол соғып алған еді. Алайда, «муфтияттықтар» да оңайлықпен берілмеді. Қызықтың көкесі, әсіресе, екінші таймда орын алып, көрермендер бірнеше әдемі голдардың куәсі болды. Қорытынды есеп – 4:3.

Алайда, өздері жеңіске жеткенімен «Хабар 24» жігіттері өздерінен кейін алаңға шыққан Qazaqstan TV командасының сүрінгенін тілеулері қажет еді. Өйткені, өзара ойында ұлттық арнаның жігіттері басымдау болған. Бірақ, Qazaqstan TV өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Тіпті, қақпаларына жауапсыз бес гол жіберіп алды. Әлбетте, Elorda aqparat сынды қарсыласпен ойнағаннан кейін осылай болады. Енді Qazaqstan TV командасы «А» лигасына шығу үшін електік ойында «Спорт 59» жігіттерін ұтуы қажет.

Ал «В» лигасының шымылдығын «Қаламгер» және Sportinform командалары жапты. Ешкім де соңғы орын алғысы келмейтіні анық. Сондықтан, екі жақ та матчты бірден қарқынды бастап, жылдам гол соғып алуға тырысты. Әйтсе де, қорғаныста тамаша ойнағандарымен шабуылда қос команда өкілдеріне де ширақтық пен дәлдік жетіспей жатты. Бірінші таймның соңына таман Әзиз Жұмаділдің байқаусызда тепкен добы болмағанда бұл матчта есептің сол күйі ашылмай кетуі де ғажап емес еді.

«В» лигасының қорытынды кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here